Сотталушы рақымшылықтан бас тартты
Оңтүстік Қазақстанда рақымшылықтан бас тартқан сотталушы бар. Оқиға туралы облыстық прокуратурада өткен рақымшылық заңының қолданылу мәселелері талқыланған дөңгелек үстелде мәлім болды.

Бұл туралы “Отырар” басылымы хабарлайды.
Рақымшылықтан бас тартқан азамат бұл әрекетін жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырудың мерзімі келгенімен түсіндірген.
Жалпы, құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, облыста 90 қылмысты іс бойынша 113 тұлға рақымшылық заңына ілініп отыр. Бүгінге дейін облыс соттары 25 қылмысты іспен 42 сотталушыны қылмысты жауапкершіліктен босату туралы үкімін шығарып үлгерген. Ал сотталғандардың бірі өзіне қатысты кешірім жасау актісінің қолданылуына қарсы болып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды
Қазақтандық ару өзге елдің сектасына кіріп, туыстарын “мәйітжегіш” деп айыптаған
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан