Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстікте тауарын алмаған зейнеткерді екі сыған әйел сабап тастады

Солтүстік Қазақстан облысында 82 жастағы кемпірді ұрып соғып, ақшасын тартып алған екі келіншек ұсталды. Бұл қылмыстың беті ауылға орнатылған бақылау камерасының арқасында ашылған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

8585

Қызыл көлікке жанұшыра жүгіріп келе жатқан екі әйел кадрға түсіп қалған. Олар ауыл ауылды аралап, жұртқа түрлі тауарлар сатып, күн көріп жүрген сығандар екен. Зейнеткердің «ештеңе алмаймын» дегеніне налыған олар, кейуананы жерге сұлатып, тепкінің астына алған.

ана

Ішінде он мың теңгесі бар әмиян мен бір жаңа көйлегін алып, тайып тұрыпты. Көлік Ресейді беттеп бара жатқан жерінен ұсталды. Жүргізушіден басқа онда екі күдікті әйел мен алты жасар қыз бала болған. Төбелесті бастаған бүлдіршіннің анасы екен.

“6 сыныптық қана білімім бар. 5 жасар баланың анасымын. Кемірді ұрайық деген ой болған жоқ алғашқыда, бәрі аяқ астынан басталды. Төбелесті бастаған менің екіқабат жеңгем”, – дейді күдіктілердің бірі.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда екі әйел зейнеткер әжейді соққыға жығып, тонап кеткені туралы жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Елордалық таксист шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Өзбекстанға қыдырып барған семейлік сол елде қамауға алынды

Жолаушылар Астана әуежайының жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Талқылау