Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда екі әйел зейнеткер әжейді соққыға жығып, тонап кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында тауарларын сатамыз деп келген екі әйел зейнеткер әжейді сабап, тонап кетті.

1353510-(1)

Фото: Константин Чалабов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

31 мамыр күні Мағжан Жұмабаев ауданы, Қарақоға ауылында 82 жастағы әжейдің үйіне кірген екі әйел әртүрлі заттарды ұсына бастайды.

“Кенеттен олар әжейге тап беріп, құлатады да, ақша талап етеді. Әйелдер қарияны сабап, заттары мен әмиянын тонап кеткен. Жәбірленуші есін жинаған соң, көршілері арқылы полиция инспекторын шақырыпты”, — деп мәлімдеді ІІД.

Көп ұзамай әйелдер зейнеткерден ұрлаған заттар және ақшамен полицияға ұсталды. Әжейге медициналық көмек көрсетілген.

Оқи отырыңыз:

Ақмолада оқушы қыз емтихан алдында өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда жолаушылар автобусы таудағы көпірден сайға қарай құлап кетті

Атырауда 17 жастағы жеткіншектің 11 қылмысқа қатысы бар болып шықты

Шымкентте аурухана өртеніп, дәрігерлер мен науқастардың зәресін ұшырды

Талқылау