Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолаушылар автобусы таудағы көпірден сайға қарай құлап кетті

1 маусым күні таңғы уақытта “Медеу” мұз айдынына жақын маңда төтенше жағдай болды. Сайға қарай жолаушылар автобусы құлап кеткен.

6565

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Төмен қарай түскен “ПАЗ” маркалы автобус бұрылысқа келген кезде жолдан шығып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, қара түсті Мерседес оған кедергі келтірген. Бұл таңғы 8-дердің шамасы екен. Тиюі мүмкін соққыдан қашқан жүргізуші автобусты кенеттен оңға қарай бұрып қалады. Одан бордюрге соғылған соң солға бұрған. Осыдан соң ауыр көлікті тоқтатып үлгере алмай қалыпты. Алты бірдей қоршауға қарамастан автобус төменге қарай аунаған.

Автобус жүргізушісі ауыр жарақат алмаған. Абырой болғанда көлік ішінде жолаушылар болмапты.

Жол апаты нәтижесінде көпір ғана зардап шекпеген: газқұбырының екі трубасына зақым келіпті. Және құлаған автобус бірнеше ағашты сындырып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте аурухана өртеніп, дәрігерлер мен науқастардың зәресін ұшырды

Төтенше жағдай: Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр (видео)

Таразда қыз баланы құтқарып қалған оқушының өзі ажал құшты

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

Талқылау