Солтүстік Корея баллистикалық зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізді
Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыран қозғалтқышының жаңа түрін сынақтан өткізді. Оны елдің көшбасшысы жеке өзі басқарған. Ким Чен Ын сынақты Пхеньянның қорғаныс қарқынын нығайтудағы тарихи оқиға деп атады.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Айта кеткен жөн, өткен айда БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейткен болатын. Өйткені мемлекет 6 қаңтарда ядролық сынақ жүргізіп, 7 ақпанда баллистикалық зымыран ұшырған еді.
Талқылау