Неміс тұтқынына түскен қазақстандықтар 2500 евродан ақша алды

Жұма, 4 Қараша , 2016 11:45

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынында болған қазақстандық соғыс ардагерлеррі Германиядан арнайы өтемақы ала бастайды.

4141

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қазіргі таңда 2500 евро қаражатты қазақстандық бұрынғы бірнеше әскери тұтқындар алып үлгерген. Олардың бәрі Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтар.

“Бұрынғы жауынгерлер ақшалай өтемақы алды, шамамен алты адам. Оның ішінде ардагерде бар. Өкінішке қарай, оның ақшалай өтемақысы банк шотына ол кісі қайтыс болған күні түсті”, – дейді ҚР президент мұрағатының директоры Борис Жапаров.

Еске сала кетсек, Германия үкіметі өтемақы қарастыру туралы шешімді өткен жылы қабылдаған еді. Қазақстаннан 11 адам өтініш берген. Қазір көзі тірі әскери тұтқындар туралы қосымша ақпараттар түсіп жатыр. Жалпы фашистердің тұтқынына 200 мың қазақстандық тап болған. Олардың көбісінің тағдыры қайғылы аяқталған.

“Әкеміз 97 жаста. Алған барлық ақшаны ол кісінің денсаулығы, емі, тамағы мен жағдайы үшін жұмсаймыз”, – деді соғыс ардагерінің ұлы Мұхит Адасов.

Оқи отырыңыз:

Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді

Александр Панайотов, ресейлік әнші: Қазақ қызына үйленгім келеді

Мила Кунисті ерлер журналына жартылай жалаңаш суретке түсуге мәжбүрлеген

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобының 9 түрлі жақсы қасиетін атады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 2 күні кері

орыстарда төлесін.қазақтардың арқасында Москва аман қалды ғой .миллиондаған қазақ босқа өмірден озды.Орыстардың төлемі көп болу керек. Большевик. Сталин тб ұлтшылдар қазақтардың өмірін талкандагысы келді.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар