Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сізге "тәртіп сақшысымын" деп хабарласса, екі сөзді айтпаңыз – Полиция қазақстандықтарға нұсқаулық берді

Қазақстан полициясы тұрғындарды өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған адамдармен сөйлескен кезде "иә" немесе "жоқ" деген сөздерді айтпауға шақырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бет-әлпетін жасанды интеллект арқылы өзгерткен алақтар, Қостанай ПД-дан

Полиция департаментінің дерегінше, алаяқтардың адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын иемденіп алу әрекеті күннен-күнге көбейіп келе жатыр.

"Құрметті азаматтар, егер олар сізге телефон соғып, өздерін басқарманың қызметкері ретінде таныстырса, "иә" немесе "жоқ" деген сөз тіркестерін айтпаңыз. Өйткені алаяқтар кейін оны биометрия үшін пайдаланылуы мүмкін. Ешқандай ақпаратты айтпаңыз және дереу телефонды өшіріп тастаңыз. Есіңізге сақтап алыңыз. Егер нақты департамент қызметкерлері сізді қызықтырса, олар ресми шақыру қағазын жібереді немесе куәлік беру үшін сізді жақын жердегі полиция бөлімшесіне шақырады", – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар полиция банк немесе полиция қызметкерлері сізге қоңырау шалып, күдікті транзакциялар туралы айтса, бұл өтірік дейді.

“Диалогты дереу тоқтатып, банктің немесе полицияның ресми нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ұсынылатын күмәнді инвестициялардан бас тартыңыз. Белгісіз қолданушылардан келген сілтемелерді ашпаңыз”, – деді полиция.



Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жасанды интеллекті пайдаланып азаматтарды алдап келген алаяқ ұсталған еді. Полиция мәліметінше алаяқ зейнеткердің қаражатын қолды етпек болған. 

Талқылау