Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синди Кроуфор зейнетке шықпақ

Американың супермоделі Синди Кроуфорд 20 ақпанда 50 жасқа толған туған күнінен кейін, жасы келгеніне байланысты модель бизнесінен кетпекші.

3e0e65b828d6513d2470823af37b757b_cropped_630x350

Бұл туралы United Airlines’ Rhapsody хабарлайды.

“Мен әлі де 10 жылдай суретке түсетініме сенімдімін. Бірақ, модель есебінде емес. Мен енді бұлайша өзімнен қайта-қайта жаңалық ашқым келмейді”, – дейді ол.

Оның айтуынша, егер оған 10 жас кіші болуды ұсынса, ол одан бас тартар еді. Ол одан да ертерек немере-шөбере сүйгенді жөн көреді екен.

2015 жылдың  29 қыркүйегінде Кроуфорд Becoming кітабын шығарды. Кітапта өзінің өмір жолы, модель болудың қыр-сыры туралы баяндайды.

Синди Кроуфорд – америкалық супермодель, тележүргізуші әрі актриса. Ол 1980 жылдар мен 1990 жылдар аралығында ең табысты манекенші болған. Playboy журналына жалаңаш түскен алғашқы топ модельдердің бірі. Оның фитнес дәрістері түсірілген бейнежазбалары да кең таралды. Ол MTV арнасында “Стиль үйі” атты бағдарламаны да жүргізді. 1995 жылы “Шынайы ойын” фильміне түсті. 1991-1995 жылдар аралығында  Ричардом Гирмен некеде болды. 1998 жылы Рэнди Герберге тұрмысқа шықты. Одан 3 баласы бар.

Талқылау