Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ вице-министрі көшеде құлап қалып, ауруханаға түсті

Астадана ҚР СІМ вице-министрі Мұхтар Тілеуберді көктайғақ салдарынан көшеде құлап қалып, ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, оның миы шайқалған.

Мұхтар Тілеуберді

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«СІМ басшысының орынбасары медицианалық мекемеде емделіп жатыр. Бұл тұрмыстық жағдай. Ол жұбайымен бірге отбасылық шарадан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Бұл жағдай сенбі күні, алғашқы қар түскенде орын алды. Оның аяғы тайып кетіп, құлап, басын асфальтқа соғып алған», – дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Артынша Мұхтар Тілеубердінің жұбайы жедел жәрдем шақырған. Вице-министр ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен демалыс күндері елімізде алғашқы қар жауған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау