Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиқыршылар бір қалада жеті ер адамның жыныс мүшесін ұрлады деп айыпталды

Ганада бір қаланың жеті ер адамы бейтаныс адамдарды жыныс мүшелерін ұрлады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pulse Ghana басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lenta.ru

Оқиға елдің орталық аймағындағы Касоа қаласында 24 наурызда болған. Аяқ киім сатушы жыныс мүшесінен айырылғанын айтқан. Жағдай екі клиент оған жақындағаннан кейін болған деген болжам бар. Тұтынушылар Нигериядан келген болуы мүмкін. Екі адамның бірі бұйым таңдап жатқанда етікшіге қолын тигізген. Содан кейін сатушшы жігіт "денесінде шок және жыныс аймағында біртүрлі ауырлық сезінгенін байқаған", содан кейін жыныс мүшесі жоғалып кеткенін көрген. Сосын етікші айқайға басқан. 

Ал ұрлық жасаған күдіктіні куәгерлер ұстап, полиция бөліміне тапсырған. "Сиқыршы" ұрлықшы жәбірленушінің жыныс мүшесін ұрлау үшін табиғаттан тыс күштерді қолданғанын мойындады. Айтуынша, ұсталған азаматтың ұрланған мүлкін қайтару әрекетінен еш нәтиже шықпаған.

Сонымен бірге қалған алты жәбірленуші белгісіз біреулер ұрлап кеткен жыныс мүшелерін қайтара алғандарын, бірақ содан бері эрекциядан қиындық көріп жүргендерін айтты. Қазіргі уақытта Каоста сиқыршылардың әрекетіне қатысты халық арасында қорқыныш байқалған. Бірақ полиция жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Африка мен Азияның көптеген елдерінде мәдени Коро синдромы жиі кездеседі. Оны психиатрлар сандырақ ауруы деп атайды. Одан зардап шеккен адамдар олардың жыныс мүшелерінің кішірейгенін немесе жоғалып кеткенін хабарлайды. Тіпті әйелдер де кейде кеуде қуысының жоғалғанын айтып, шағымданады екен. 

Көбінесе жыныс мүшелерін ұрлау үшін кінәні белгілі бір рәсімдер үшін жыныс мүшелерін қажет ететін вуду сиқыршылары деп аталатын пенистік ұрыларға жүктейді. Мұндай манипуляцияларға қатысты күдіктілер жиі жазаланады.

Талқылау