Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік жастар қарттарды еш себепсіз құттықтау бастамасын көтеріп, оларға сыйлықтар үлестірді

Негізінен Шымкенттік жастардан құралған «Жақсылық жасап жарысайық» деп аталатын еріктілер тобы, қарттар үйіндегі қарияларға көтеріңкі көңіл сыйлауға бел буыпты.

карт5

Бұл туралы STAN.KZ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

«Тағдырдың жазуымен қарттар үйінде қалған ата-әжелерімізді біз негізінен қарттар күнінде немесе ораза айт, мерекелерде амандығын сұрап, құттықтап барамыз. Қарттар біздің қазынмыз дер болсақ, егде жасқа келген кісілердің саулығын күнделікті сұрап, жылы шырай танытып тұрсақ артық болмас» дейді, белсенді жастар.

карт2

Сол себепті, еріктілер қала сыртындағы үлкен сауда орнының авто тұрағында жиналып, қарияларға арнап өз қаржылрына сый ретінде сатып алған тәтті тағамдарын сөмкелерге жеке-жеке бөліп, атокөліктерге артты. Өйткені, қазір Шымкенттегі қарттар үйінің шамамен 250 – ег жуық тұрақты тұрғыны бар екен.

 

карт7

Атап айтқанда жастар қарттарға шоколад, қаймақ, түрлі конфеттер және жеміс, тәтті нандар алған.

«Біз қарияларға сый ретінде тағамдар салғанда, негізінен отандық өнімдерді сатып алдық. Сонымен қатар, олардың егде жаста екенін ескеріп, тез қортылатын жеңіл және жұмсақ жемістерді алуға тырыстық. Шамамен бұл мақсатқа жарты миллиондай қаржы жинадық. Еріктілердің дені түрлі салаларда қызмет ететін жас мамандар. Араларында студенттер мен мектеп оқушылары да бар. Әлі жұмысқа орналаспаған жастар да жоқ емес. Соған қарамастан қор жинауда аса қиындықтар болған жоқ»,- дейді Өркен Мамшетов.

карт8

Еріктілер тобы бір ұйымның төңірегінде немесе ғаламтордағы әлеуметтік желілер арқылы емес, whatsАpp конференция арқылы бір-бірімен байланысқа шыққан.

карт3

карт1

карт4

Қарттар үйінің тұрғындары күнделікті өздерінің уақытын қызықты өткізу үшін түрлі шаруалармен айналысады.

карт9

карт10

карт11

карт13

карт12

карт6

 

 

Талқылау