Шымкенттік кейуана 77 жасында диплом алды

Дүйсенбі, 5 Қыркүйек , 2016 16:41

Шымкент қаласында тұратын Ботагөз Есжанова 77 жасында жоғары оқу орнының дипломын алған.

apa

Бұл туралы “Замана” басылымы хабарлайды.

Кейуана 2009 жылы қажылық сапарға барып қайтады. Одан кейін үш жыл өткен соң Иерусалим қаласына қыдырып барады. Осы сапардан орала салысымен бірден Алматыдағы Алматыдағы Қазақ экономика және консалтинг университеті жанындағы рухани білім жетілдіру институтына құжат тапсырған.

“Алдында Иерусалимге аттанғанда аталмыш оқу орнының ректоры Аманкелді Еренғайып ініммен бірге сапар шеккен едік. Сол кісі маған өзі жетекшілік ететін оқу орнына түсуге ұсыныс жасағанда бас тарта алмадым. Өйткені менде қайтсем де діни сауаттылығымды арттырсам екен деген ой жатсам-тұрсам есімнен шыққан емес. Сондықтан төлем­ақының сол кездегі құны 70 мың теңге екеніне де қараған жоқпын, төрт жыл бойы Алматыда тұратын Венера деген қызымның үйінде жүріп оқыдым”, – дейді Ботагөз апа.

Ол кісілер алғашқыда 25 студент бір топта оқыпты. Студенттердің алды 60 жаста, ең жасы 23-те екен. Оқудың алғашқы жылы тек қана араб әріптерін оқып үйренумен кетіпті. Сабақтың қиындығынан шығар, бірінші курсты 17-ақ адам бітіріпті. Осы 17 студенттің үшеуі екінші курста Құран ережелерін жаттағанда үлгерімі төмендігіне байланысты оқудан шығып қалыпты. Сонымен үшінші курста қалған бар-жоғы 13 адам келесі жылы оқуды ойдағыдай тәмамдап шыққан.

Жалпы, Ботагөз апаның өмірбаянында пәлендей ерекшелік жоқ. Ол сонау 1960-жылы Шымкенттегі сол кезде “Медициналық техникум” деп аталатын оқу орнын бітірген соң бақандай 33 жыл бойы облыстық туберкулезге қарсы диспансерде еңбек етіпті. Сағындық Әжіметов деген азаматпен отау құрып, 13 құрсақ көтерген. Қазір оның жетеуі аман-есен, түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Бүгінде апаның 30-дан астам немере-шөберелері бар.

Ол кісі жұрт жиналған жерде имандылық жөнінде көптеген ғибратты әңгімелер айтудан жалыққан емес. “Оқығысы келген адамға оқу ешқашан кештік етпейді. Мұндайда адамға ең бірінші керегі – ықылас пен ниет қана. Білім алу адамның ең алдымен өзіне жақсы”, – дейді ол кісі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар