Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жол полицейі бірден төрт жол көлік оқиғасын бұзды

Шымкентте жол полицейі бір мезетте төрт бірдей жол көлік оқиғасына тап болды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

23434546578

Кезекті рейд жүргізу кезінде жергілікті полиция қызметкерлерінің көзіне ақ түсті, толықтай терезесі қараңғыланған “Priora” көлігі түседі.

Көлік жүргізушісі белдігін тақпаған және құжаттары болмаған. Сөйтсе көлік рөлінде отырған жол полициясы полкының қызметкері екен. Өзінің қызметін айтып, ол жол үстінде неліктен бұлай келе жатқанын түсіндіруге тырысқан.

“Бізде заң алдында бәрі бірдей. Егер сен полиция қызметкері болсаң, онда жауапкершілік екі есе арта түседі. Егер форма киген қызметкер жол ережесін сақтамаса, онда бұл кешірілмейді. Сол себепті жүргізушінің әрекетіне байланысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды”, – дейді Шымкент жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан.

Жалпы бұзылған ережелер үшін 20 АЕК , яғни 42 420 теңге айыппұл салынған. Ал оның көлігі айып тұрағына қойылған.

Жалпы биылғы жылда 10 полиция қызметкері жол ережесін сақтамай айыппұл төлеген. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпағандар, ұялы телефонмен сөйлескендер, мүгедектер орынына көлігін қойғандар және қарсы жолаққа шығып кеткендер бар.

Талқылау