Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам 4-қабат терезесінен төсек жаймалары арқылы шықпақшы болды

Шымкентте ер адам 4-қабат терезесінен  құлап, ауруханаға жеткізілді. Ол терезеден бір-біріне байланған төсек жаймаларын арқылы түспекші болған. Бұл туралы TVK хабарлады.

Оқиға 12 қаңтар сағат 11:30-да  Айбергенов көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Ер адамның терезеден щығып бара жатқанын жолаушылар көрген.

«Не болғанын білмеймін. Жерде жатқан ер адамды көріп, көмектесуге келдім», -дейді куәгер.

Оқығар орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметі келген. Қатты жарақат алған ер адамды жедел түрде ауруханаға жатқызды. Дәрігерлердің айтуынша, ол ұзақ емді қажет ететін ірі жарақаттар алған.

«Жарақаттың ауырлығы орташа. Жамбас сүйегі сынған сияқты», -деп болжам диагноз қойды жедел-жәрдем дәрігері.

Кейіннен полицейлер оқиғаның анық-қанығын білді. Түнде екі ер адам демалу үшін пәтер жалдаған. Пәтердегі үстел үсіне қараса ішімдіктің барлық түрі кездескен.

«Кеше ол бір жігітпен бірге пәтерді жалдады, мен оларға кілт берді. Не болғанын білмеймін. Екіншісі қайда кеткенін де білмеймін. Соған қарағанда екіншісі есікті кілттеп кетіп қалған шығар», -дейді жалдамалы пәтер иесі.

Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Қытайда жазықсыз түрмеге қамалған қазақтар көбейіп барады

ШҚО халқына жер сілкінісі туралы хабар жетпейді

Оралда екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр

Синоптиктер: Алматыда әлі 4 күн бойы қар жауып, аяз басталады

Талқылау