Шымкентте екі ер адам көлігі үшін такси жүргізушісін өлтіріп кетті

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 16:45

Шымкентте автокөлігін тартып алмақ болған екі ер адам, өздері отырған таксидің жүргізушісін өлтіріп кеткен.

ысысысыс

Фото: re-actor.net

Бұл туралы TVK хабарлайды.

39 жастағы Юнус Базаралиев ішімдік ішкен екі ер адамды жеткізіп салмақ болады. “Тұран” ықшамауданы аумағында жолаушылар оқыстан жүргізушіге шабуыл жасап, оны тұншықтырып, аяусыз ұра бастайды. Ақырында оны қимылсыз қалдыру үшін автокөлік шынжырымен орап тастаған. Сосын зұлым ойлы екеу мәйітті Алматы тас жолынан аулаққа тастап, өздері сол көлікпен кетіп қалған. Такси жүргізушінің денесі тек үш тәуліктен соң ғана табылды. Сондай-ақ, қанды оқиғаны жасаған екі күдікті де ұсталды.

“Шымкент қаласында тұратын, 1975 жылы туған Өзбекстан азаматы Шайзақов пен 1975 жылы туған Сарыағаш тұрғыны Қамалов өлтіру қылмысына айыпты ретінде екі ай қамауға алынды”, – деп хабарлады Қаратау аудандық сотының судьясы Жанат Мүсірәлі.

Белгілі болғандай, күдіктілер қаладағы кафелердің бірінде ішімдік ішіп, сосын үйге дейін таксимен жетіп алмақшы болыпты. Көшеде оларға Daewoo Gentra маркалы көліктегі Юнус Базаралиев тоқтайды. Олар көлік салонында отырып такси жүргізушісін өлтіріп, көлігін тартып алуды ойластырған. Қайтыс болған ер адамның әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы қалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар