Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте демалған Қайрат Нұртас ешкімде жоқ көлік мінді (видео)

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың ешкімде жоқ көлігін көрсетті. Мұнымен қатар, тұңғышының әзілге құмар екенін де айтып өтті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Биыл Қайрат Нұртас өз елінде демалуды жөн көрген. Ол тіпті фирмалық кәуап әзірлеп, тыңдармандарын өзі демалып жатқан кешенге шақырған болатын. Аталған демалыс орнында әнші жағажайдағы тәртіп бақылаушыларының көлігін мінген. Мұнымен қатар, қабылдағышпен ән салған.

Гүлзира Айдарбекова көлікте ән салып келе жатқан баласын видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Артынша тұсына Әзілқұмар Қайратымның жаңа көлігі” деп жазып қойған.

Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі мұны оның ерке қылығы деп бағаласа, екіншілері жағдайы жоқ адамдарға көмектесуге кеңес беріп жатты.

“Қайрошқа барлығы жарасады. Ата-анаң аман болсын. Сіздерді тіл-көзден сақтасын”, “Үнділердің таксиіне ұқсайды екен. Қайратжан, не мінсең де аман болшы!”, “Көлігінде тұрған не бар. Аман болсын қазағымның Қайраттай ұлдары” дейді желі қолданушылары.

Арасында “Ешкімде жоқ көлік мінгенше, жағдайы жоқ жандарға көмек берсеңші”, “Қайрат, жалғыз жүре бергенше, әйел, бала-шағаңмен қыдырмайсың ба?” деп сынағандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Мейрамбектей әншілердің қадірін кеш түсінуден сақтандырды

Қайрат Нұртастың гироскутердегі биі қыздарға ұнап қалды (видео)

Ноғай әншісі Қайрат Нұртастың хит әніне бейнебаян түсіріп алған (видео)

Беларусь ақыны Қайрат Нұртасқа орысша ән айтуды ұсынды

Талқылау