Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас тыңдармандарын Шымкентке фирмалық кәуабын жеуге шақырды (видео)

Өзін түрлі қырынан сынап көрген әнші соңғы кезде фирмалық кәуабымен танылып жүр. Әріптестерін жиі қонақ қылатын ол бұл жолы тыңдармандарын Шымкентке шақырды.

image

Фото: instagram.com/zhorabayeva/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртас ораза айында туған бөлесі Ақерке Тәжібаева мен жездесіне өз қолымен кәуап пісіріп берген болатын. Мұнымен қатар, үйіне Алтынай Жорабаева, Айған Жолдасова, Мирас пен Құралай сынды аға-әпкелерін шақырып, оларға да фирмалық кәуабынан ауыз тигізген.

Әнші биылғы демалысын Шымкент қаласында өткізіп жатыр екен. Ол аталған қалада әлі бес күн болатынын айтып, тыңдармандарын өзімен бірге кәуап жеуге шақырды.

#KN Шымкент 👍✊✊✊

Видео опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

“Ассалаумағалейкум, ағайын! Баршаңызға сәтті күн тілеймін. Бізде осындай керемет демалыс болып жатыр. Бүгін басқаша кәуап пісіріп жатырмын – “Шымкентше кәуап”. Бес күн осында боламын. Ағайындар, келіңіздер!” – дейді Қайрат Нұртас.

Видеоны көрген желі қолданушылары одан нақты қай жерде екенін сұрады. Арасында әншіге бақыт тілеп, жақсы көретіндіктерін айтып жатқандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Мейрамбектей әншілердің қадірін кеш түсінуден сақтандырды

Қайрат Нұртастың гироскутердегі биі қыздарға ұнап қалды (видео)

Ноғай әншісі Қайрат Нұртастың хит әніне бейнебаян түсіріп алған (видео)

Беларусь ақыны Қайрат Нұртасқа орысша ән айтуды ұсынды

Талқылау