Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент оқушылары ақшалай сыйлықтарын қайырымдылыққа жұмсады

Шымкенттің Титов атындағы № 20 мектеп-гимнаиясының жоғары сынып оқушылары кәмілетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына барып қайтты.

ммм

Олар бір ай бұрын 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алған. Енді оны қайырымдылыққа жұмсады.

Олар алдымен орталықтың жетекшілігімен ақылдасып, балаларға не қажет екенін сұрап алды.

Ақырында олар 27 балаға қажетті іш киімдер, гигиеналық құралдар, жаздық жеңіл заттар алды. Олар түрлі ойындар ұйымдастырып, сыйлықтар таратты. Бір-бірімен әңгіме-дүкен құрды.

ааа

Бәрінен ауыры балалар туыстарының келетінінен үмітті. Олар үнемі телефон сұрап, жақындарына қоңырау шалғысы келеді. Бір күні болмаса,бір күні келіп әктетеді деп ойлайды. Алайда, бейімдеу орталығындағы көп балаларды алдағы күндері балалар үйіні жібереді.

сссс

Бұған дейін Шымкенттік оқушылар жарыстан ұтқан ақшаларын қайырымдылыққа жұмсамақ ниетте екенін хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Бас мүфти отандастарымызды қайырымдылық жасауға шақырды

7 ай өмірі қалғанын білген миллионер бүкіл дүниесін қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарды

Талқылау