Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас мүфти отандастарымызды қайырымдылық жасауға шақырды

Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстанның мұсылман қауымына арнаған Үндеуін жариялады.

муфтии

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Онда Бас мүфти халқымызды оразаның әр күнінде жақсылық жасауға, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге үндеді.

«Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді. Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған үйлерді жөндеуге қол ұшын беруге, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы тойлардың ішімдіксіз өтуін тілеп, көпшілікті ораза күндері садақа беруге шақырды.

«Қасиетті айдың құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін. Сонымен қатар, көпшілік жұртқа оразаның әр күнінде бір жақсылық жасауды жоспарлап, осынау сауапты амалдарды ықыласпен орындауға, Алланың әрдайым бізге үздіксіз нәсіп ететін нығметтеріне садақа беруге шақырамын», – деді Бас мүфти.

 

Талқылау