Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік оқушылар жарыстан ұтқан ақшаларын қайырымдылыққа жұмсамақ

Шымкент мектептерінің бірінің түлектері фото-конкурсқа қатысып, 50 000 теңге ұтып алған. Олар тіпті сайысқа қатысар алдында егер жеңіске жетсек ұтысты қайырымдылыққа жұмсаймыз деп уәделесіп алыпты.

еееееен

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Селфи-бәйгені Инстаграм желісінде “Мирас” университеті жариялаған. Сайыс ережесі бойынша оқушылар соңғы қоңырауда кең пландағы селфи-сурет түсіріп оны инстаграмға салулары тиіс. Жеңімпаз әлеуметтік желі қолданушыларының дауыс беруі бойынша анықталған.

Конкурсқа көптеген сурет келіп түскендіктен де жеңімпазды анықтау оңайға түспеген. Оның арасында 4 қатысушы бірінші орынға үміткер болған. Сол себепті ұйымдастырушылар үздік 4 қатысушы үшін қайтадан дауыс беру жасауға мәжбүр болған.

енененен

Нәтижесінде Титов атындағы №20 мектеп-лицейдің 11 “Б” сынып оқушылары иеленді. Олар уәделескендей жеңіп алған ақшаларын көңіл-көтеруге емес, қайырымдылыққа жұмсайды. Жоғары сынып оқушылары жуырда балалар үйі тәрбиеленушілеріне тәттілер алып, оларға арнап көңілді кеш ұйымдастырмақшы.

Анастаия Кузовлева — жеңіс дәмін сезінген қатысушылардың бірі.

енен

“Тағдырымыздың қалай болатынын, қандай отбасында туатынымызды – бай ма, әлде кедей ме біз білмейміз. Біз тек қолда барды бағалап, оны көмекке мұқтаж жандармен бөлісуіміз керек”, – дейді Анастасия.

Талқылау