7 ай өмірі қалғанын білген миллионер бүкіл дүниесін қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарды
Ауқатты кәсіпкер Әли Банат өзінің қатерлі ісік ауруының ең ауыр сатысында екенін білгеннен кейін жиған дүниесін қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдаған.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Мінгені Ferrari Spider, сонымен қоса, білдей бір автомобиль паркінің қожайыны, өзінің жекежайы бар, не ішем, не жеймін, ақшаны қайда жеткіземін демей, уайым-қайғысыз қам кешіп жатқан миллионер бас-аяғы 7 ай өмірі қалғанын естігенде өмірі күрт өзгерді.
Кәсіпкер Африкада 200-ден аса жесірге үй мен 600-ге жуық жетім балаға арнап жатақхана салып бермекші.
Бұдан өзге Әли жергілікті жердің халқына қызмет ететін, жұмыспен қаматамасыз ету үшін аурухана мен бизнес орталығын тұрғызатынын айтты. «Алла менің өмірімнің аз қалғанын сезіну үшін, жалған дүниені тастап жалғыз мәңгілік өмірге аттанатынымды сезіну үшін бұл ауруды маған сыйға тартты. Маған жақсылық жасаудан артық еш нәрсе көмектеспейді», – дейді мұсылман жігіт.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады