Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда достары өзенге лақтырып жіберген тұрғын құтқарылды (видео)

Шығыс Қазақстандық құтқарушылар достары Үлбі өзеніне лақтырып жіберген 25 жасар тұрғынды, жағалауға жеткізуге көмектесті.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Сурет life24.kz

Өзен ортасында ағып бара жатқан адамды көрген өскемендіктер дереу құтқарушыларға хабарласқан.
“Оқиға орынына мамандандырылған “Өрт сөндіру қызметі және төтенше құтқару жұмысы” қызметкерлері, жедел жәрдем дәрігерлері, полиция өкілдері және судағы құтқарушылар дереу жетті. Жігіт өзен жағалауынан 50 метр қашықтықта болды. Қайық арқылы сүңгуірлер оған дейін барды. Жігіттің суға алкогольдік ішімдік ішіп түскені белгілі болды”, – деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаменті.

Есін жинаған зардап шегуші, достарымен ұрысып қалып, олар мұны көпірден өзенге лақтырып жібергенін айтты. Қазір аталған іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр.

Еске сала кетсек, бұл елімізде болып отырған осыған ұқсас бірінші жағдай емес. Ақпан айының соңында полицейлер Қызылордада мұзды судан тұрғынды алып шыққан болатын. Ол өз-өзін өлтіргісі келген. Ал 2015 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстанда мұзға түсіп кеткен балықшы құтқарылған.

Талқылау