Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында әскери адам мысыққа берілген қымбат дәрі үшін әйелінің қолын сындырды

Семей гарнизонының офицері әйелге қол жұмсағаны үшін бір жарым миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Ал әскери болса бәріне мысық кінәлі деп санайды.

680

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

28 жастағы аға лейтенант әйелінің қолын сындырғаннан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мәселе гарнизонның әскери сотында қаралған. Айыпталуының сөзінше үйдегі ұрыс-керіс үй мысығы үшін шығыпты. Мысық ауырып, әйелі оны ветеринар дәрігерге көрсетуге апарған. Алайда дәрігер жазып берген дәрілердің бағасы күйеуінің ашуын келтірген.

Одан соң ушыққан жағдай ерлі-зайыптылардың ажырасуына дейін барған. Офицер әйеліне байқамай қол жұмсап қойғанын айтып ақталды. Ал әйел болса, күйеуі өзін әдейі аяқпен тепкілеп, аямай ұрып, қолын сындырғанын айтқан. Тергеу-тексеру қорытындысында әйелдің айтқан дәлелдемелері шындыққа жанасады деген қорытынды шығарылған.

Әскери сот әскери қызметті атқарушыға 700 АЕК (1 484 700 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Талқылау