Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ұрыларды тауып берген мектеп оқушысына смартфон сыйланды

Глубоковский ауданының екі тұрғыны былтырғы жылдың желтоқсан айында көршілес Ұлан ауданының елді мекенінен мал ұрлап кеткен.

ed6c17893a46d8df4e4d83df4cd07940

ШҚО ІІД

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Күндіз барымташылар ауылдарды аралап малдардың қалай қорғалатынын байқап шыққан. Ал түнде көлікпен келіп төрт аяқтыларды тиеген. Тіпті бір айдың ішінде бір адамның қорасын бірнеше рет тонап кеткен.

Осы істің ізіне түскен Ұлан аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерінен құралған арнайы жедел топ ұзақ уақыт айналысады. Алайда көмек мүлде басқа жақтан келді. Ізғұтты Айтықов есімді ауылда тұратын жасөспірім ауыл ішінен бөтен көлікті көргенін айтып, тіпті мемлекеттік нөмірін де айтып береді. Осы ақпараттың арқасында тәртіп сақшылары мал ұрлаушылардың аяғына тұсау сала алды.

Салтанатты кездесуде Ұлан аудандың полиция бөлімшесінің бастығы Ерлан Сейілханов жас баланы алғыс хатпен марапаттап смартфон табыс етті.

“Бұл сыйлық сенің өзгелерге үлгі боларлық азаматтық көмегің үшін беріліп отыр. Сен секілді баланы тәрбиелеген әжеңе де үлкен алғыс айтамыз”, – деді Сейілханов.

Талқылау