ШҚО-да әйел үш баласын өлтіріп, соңынан өзі асылып қалған
Кеше ШҚО облысының Шемонайха қаласының 35 жастағы тұрғыны өзінің үш баласын дарға асып, соңынан өзі асылып қалған. Балалардың жасы 3-тен 10 жас аралығында болған.
Сурет: chastnik.ru
Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.
ШҚО ІІД-нің мәліметінше, 27 сәуір күні үш бала мен анасының асылып қалғанын көршілері байқаған. Оқиға орнына полицейлер келіп, әйелдің 2005, 2007, 2013 жылғы балаларын асып өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсағанын анықтаған.
Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, қайғылы оқиға қаладағы аймақтық электр жүйесінің бұрынғы басшысының ұлының үйінде болған. Жергілікті тұрғындар бұл отбасының жағдайы жақсы болғанын айтады. Сондай-ақ, қайтыс болған әйелдің күйеуі оқиғадан соң өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір жергілікті полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Даниил Романов
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау