Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктер қазақстандықтарды өте қызуқанды халық деп санайды

Шет елдіктер қазақстандықтарды өте қызу қанды халық деп санайды. Олардың пікірінше жергілікті жұртшылықтың қонақжай, сонымен қатар пайдасын қамтып қалуды да ұмытпайды. Ал, елде көптен бері тұрып келе жатқан шетелдіктер қаладағы қоғамдық көліктердің кестесін де сынға алды.

image109346Сурет news.caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көптеген шет ел азаматтарының Қазақстан жайлы білетіндері Азияда орналасқан мемлекет дегеннен аспайды. Германиялық Маркус Кайзер бір жыл бұрын білім беру саласы бойынша еңбек етуге келген. Алматыдағы таксистер күнделікті шеттен келгендерін пайдалынып, қалтасын қаққысы келеді екен. Ол қазіргі дағдарыстың елде қатты сезіліп жатқанын да айтты.

“Экономикалық жағдайлар болашақта қалай болатыны белгісіз. Қазақстанда қазір дағдарыс болып жатыр. Елде жағдай қиындап жатқанын жақсы білемін. Жалпы қазақтардың қонақжайлығын көріп жүрмін. Бірақ барлығы бірдей емес”, – дейді Қазақстан-неміс университетінің президенті Маркус Крайзер.

Қоғамда шетел азаматтары Қазақстанға тек жоғары жалақы үшін келеді деген қауесет бар. Олар мұны жоққа шығармайды да. Тіпті өз елдерінен тіл мен мәдениетті таратқаны үшін қаржылай көмек беріледі екен. Ресейде бірнеше жыл қызмет істеген, соңғы уақыттары Алматыға ауысқан Флориан Так мырза қазақтар өте қызу қанды халық дейді. Ал қаладағы қоғамдық көліктер қызметіне көңілі тіптен толмайды.

“Маған күнделікті 9-троллейбус пен 48-бағыт автобустарына жиі отыруға тура келеді. Тоғызға дейін жүруі керек болса да, түсінбейсің. Кейде 1 сағат күтіп тұрамын. Содан кейін еріксіз таксиге отырамын. Ал футбол ойнағанда дос болып жүрген жігіттер жанжалдасып қалатыны қызық”, – дейді тіл үйретуші Флориан Так.

Қазақстанға жыл сайын ресми дерек бойынша 5 миллионнан астам саяхатшы келеді. Өзге де ақпарат көздері елде тұрақты түрде жұмыс істейтіндері 35 мыңға жуықтағанын айтады. Ал шекарадан алыс жатқан мемлекеттер қазақ елін, әсіресе, спорттық жарыстардағы жетістіктері арқылы танитынын жасырмайды.

Талқылау