Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстандық мұсылман жарнама үшін іш киіммен суретке түседі. Оған 70 мың доллар ұсынды

Неміс қаласы Дюссельдорфта төрт ағайынды шешен жігіті тұрады. Олар модель бизнесінде жұмыс істейді. Gucci, Versace мен Lanvin секілді сән үйімен келісім жасасады. Алайда ағайындылар мұның уақытша ақша табу көзі екенін айтады.

Ағайынды жігіттер болашақта UFC чемпионы болуды армандайды. Олар отбасы мен діні, модельдік жұмысы жайлы айтты, деп жазады Би-би-си-дің орысша қызметі.

16 жасында Джараил Дулатов супермаркетке жұмысқа тұрады. Онда күніне 6 евро төлеген. Ол тапқан ақшасын жинап, Gucci белдігін алмақ болады. Ақыры белдік сатып алу үшін Gucci келгенде, ондағы модельдік агент осы қызметті ұсынады.

«Бастапқыда әзіл деп ойладым. Жасырын камераға түсіріп тұр деп күлдім. Ал, шын екеніне көзім жеткенде, бірден бас тарттым. Мұсылман екенімді, ұлтымды, дінге жат қызмет екенін түсіндірдім», – дейді Джабраил.

Алайда модельдік агент оны әкесімен ақылдасуға көндіріп, телефон нөмірін жазып алып қалады.

«Ата-анама айтқанда олар да күлді. Кейін әкем жұмыс орнына бірге барып көруді ұсынды. Біз агенттермен сөйлесіп, тізеден төмен шалбар киіп, іш киіммен суретке түспейтінімді айтып алдын ала келістік. Осылай подиумдегі жұмысым басталды», – дейді ол.

Бір айдан соң Парижде Alexander McQueen сән көрсетіліміне, Миланда Lanvin брендінің көрсетіліміне қатысады. Gucci-дің Қытайда өткен эксклюзивті көрсетілімінде болады.

Бүгінде ол ғана емес, үш інісі де Сулумбек, Ислам мен Тамерлан сән үйімен жұмыс істеуде. Үлкені 24 жаста, кішісі 18-де.

Өткен аптада Vogue журналы Исламның Versace компаниясымен келісім жасасқанын жариялады.

Төрт ағайынды жігіт тізеден төмен шалбар кимейді. Шариғат заңын ұстанады. Үлкеніне Лос-Анджелестен шақырту келіп, Armani сән көрсетілімінен ұсыныс түскен. Ол парфюм жарнамасына түсуі тиіс еді. Үстіне күрте, басына шляпа киіп, іш киіммен жартылай жалаңаш қыздың қасында суретке түсуі тиіс болған. Ол үшін 140 мың доллар ұсынған. Оның 70 мың доллары жеке өзіне ұсынылды. Алайды мұсылман модель одан бас тартты. Ислам дінінің талабына сай келмейтінін айтты.

Ислам дінінде ер адам тізеден жоғары киім кимеу керек.

Дизайнерлік бренд менеджері Алексей Компаниец ағайынды жігіттердің спорттық, көше стилінде көзге түсетінін, модельдік дене бітімі көз тартатынын айтты.

«Бастапқыда үлкенімен таныстым. Кейін інілерін көрдім. Олардың төртеуі де бірдей болғаны таңғалдырды. Төртеуін бірдей Парижде фототүсірілімге қатыстырдық», – дейді Алексей.

Менеджер мұсылман жігіттермен жұмыс істеудің қиын емес екенін жеткізді.

«Біз мұсылмандар жігіттердің қоятын талабы білеміз. Оладың талабы жұмысымызға кедергі емес», – дейді менеджер.

Ағайынды жігіттер модельдік жұмыстың уақытша ақша табу көзі екенін, болашақта ММА жарыстарына қатысуды армандайды.

Үлкені Германияда спорт зал ашып, шешен балалардың тегін жаттығуын қолға алғысы келеді.

«Мұнда футболмен айналысу үшін балаларға жылына 100 евро төлесе жеткілікті, ал күрес жаттығуы үшін айына 50 евро төлейді. Бұл шешен отабсылар үшін ауыр. Бір отбасынан бірнеше бала қатысқысы келсе, ата-анасына қиын түседі. Сондықтан шешен балаларды тегін жаттықтырғым келеді», – дейді Джабраил.

Шешен ұлттары желіде ағайынды жігіттердің қызметін қызу талқылады. Бірі мұның шариғатқа жат екенін айтып даурықты, бірі еш ерсілігі жоқ екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау