Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Сайлаубек: 4 баладан кейін қызғанышқа орын қалмайды екен

Серікбол Сайлаубек алғаш келіншегімен қалай танысқанын баяндай отырып жастарды махаббатты қадірлеуге шақырды. Мұнымен қатар, бүгінгі таңда отбасындағы қызғаныш мәселесін қалай шешіп жүргендерін айтты.

1397828396_serik

Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.

“Мен 19 жасымда үйленгенмін. Жігіт үшін ерте жас деп ойламаймын. Оның үстіне өзім бір үйдің жалғыз ұлымын. Аллаға шүкір, бүгінде 4 баланың әкесімін. Оның екеуі – ұл, екеуі – қыз. Әйеліммен махаббатпен қосылдық. Сол себепті, бұған қарсы келу өте қиын. Оған да көзіміз жетті. Бақыт деген осы емес пе?! Жалпы жұбайым менен бір жас үлкен. Мен секілді әдемі жігітке ол кісінің ата-анасы қалай қарсы болады?! Ол кезде дәмханада музыкашы болып жұмыс жасайтынбыз.

Кез келген адам музыкашы болып жұмыс істей алмайтын. Сол кездің бір сәні болды десем де қателеспеймін. Жұмыста қонақтарға ән арнап отырып екі-үш қызды көзім шалып қалды. Ішінде әйеліме қараған күйі отырып қалдым. Ерекше ән арнайын деп АБК тобының Айсұлу атты әнін орындап берген едім. Әйелім де сол сәтте маған қарайлап отыр екен. Жалпы махаббат деген – өмірлік серік, жолдас табу. Бұл жақта сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік болуы керек. Ең бастысы, ерте үйлену керек. Себебі, жас кезде бойдағы күш-қуат тасып, өмірге дені сау ұрпақ алып келуге мүмкіндік туады.

Сөз салатын күні гүлімді алып үйіне бардым. Есікті қағып едім әкесі шықты. Ол кісімен ерекше амандасуға тырыстым. Мені білімді күйеу бала деп ойлағанын қаладым. Әке-шешесінің көзінше сөз айтып, қолын сұрадым. Ата-анасы бірден баталарын берді. Олар менің қай жерімді сынасын?! Қыз-жігіт болып екі жыл уақыт жүрдік. Төрт баладан кейін қызғаныш сезімі болмайды. Бір-бірімізді сыйлаймыз. Бар ойымыз осы төрт баламызды аяққа тұрғызуда болды. Жолдасым менің табыс табуым керектігін түсінеді. Өзі негізінен бала тәрбиесімен айналысады”, – дейді Серікбол Сайлаубек.


Жіберіп алмаңыз:

Болманов: Джеки Чанмен баяғыдан танитын адамдай бірден әңгімелесіп кеттік

Айнұр Тұрсынбаева актер Саят Есенбаев екеуі туралы бар шындықты айтып берді

Айнұр Тұрсынбаева: Айдарбековтердің тойының қарапайым өтуге хақысы жоқ

Нұртас Айдарбеков алғаш рет келінінің мінезі туралы айтып берді

Талқылау