Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев қарағандылықтармен бірге 17 тонналық ұшақты сүйреді (видео)

Қарағандыда Серік Сәпиев пен 120 қала тұрғыны Риодағы қазақстандық спортшылардың қолдау мақсатында салмағы 17 тонна болатын АН-26 ұшағын сүйреді.

Безымянный

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен 2004 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Серік Елеуов, жеңілатлет Дмитрий Карпов полицейлер мен ММА ережесіз жекпе жек қатысушыларымен бірге осындай флешмоб ұйымдастырды. Қатысушылар ұшақты орнынан қозғап қана қоймай оны еркін сүйреп әкетті.

Сәпиевтің айтуынша, бұған алдын ала ешқандай дайындық жасалмаған. Ол өзге де спортшылар секілді полицейлердің бастамасын қолдай түсіп, Риодағы спортшыларға осылайша демеу білдіргісі келген.

Серік Сәпиев Риодағы өтетін олимпиадаға қатысушыларға жеңіс тұғырында Қазақстан жалауын көтеруге тілектестік білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

12 жыл бұрынғы Афинада өткен олимпиада ойындарынан кейінгі алаң (фото)

Теннисші Олимпиада ауылындағы Қазақстан құрамасының тұрақтаған үйін көрсетті (видео)

Қазақстанның  Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға  қанша төлейтіні анықталды

Қазақстандық балуан Олимпиада алдында есімін өзгертті

Талқылау