Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ахметов тергеушілердің таққан айыбын түкке тұрғысыз деп атады

Тырнақ астынан кір іздеген тергеушілердің таққан айыптары түкке тұрғысыз. Қазына қаржысына қол салды деп айыпталған экс-премьер Серік Ахметов бүгін сотта жауабын осылай бастады, – деп хабарлайды Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

20_main

Айыптаулардың бірде бірімен келіспейтінін Ахметов ашық айтып отыр.”Осында отырған азаматтардың барлығының көзі ашық, көкірегі ояу. Солай бола тұра, тергеу мәліметтерінің дәйексіз екені өкінішті. Ешкімді кінәлағым келмейді. Бірақ мені қаралағандардың ісіне бағаны Алла берсін”, – деді Серік Ахметов.

Қарағандының тендерлеріне қатысқан «СтальЦинк» компаниясы інісі мен баласына тиесілі болғанымен, мемлекет алдындағы міндеттемелерін ұқыпты атқарды дейді Ахметов. Экс-премьер жақындарына жер үлестірді деген айыппен де, араб фирмаларына бюджеттің қаржысын аударды дегенге де келіскен жоқ. Ауқымды жемқорлық ісі бойынша Үкіметтің бұрынғы басшысымен бірге 4 айдан бері 21 адам сот алдында жауап беріп жатыр. Барлығы Қарағанды облысы бюджетінің қыруар қаржысын қалтаға басты деп айыпталуда.

Талқылау