Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сербиялық қария 60 жасында тұңғышын босанған кемпірін тастап кетті

Нови-Пазар қаласында тұратын 60 жастағы Атифа Ляджич пен оның 68 жастағы күйеуі Сериф Нокич соңғы 20 жыл ішінде бедеуліктен емделіп жүр екен.

4222EEE800000578-4697582-image-a-8_1500056095504

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Шілде айының басында зейнеткерлердің арманы орындалып, Атифа дүниеге қыз бала алып келеді. Сәбидің есімін Алина деп қояды. Алайда жұптың қуанышы көпке созылмады. Сәбидің күні-түні жылағанына шыдамаған Сериф мырза ажырасқысы келетінін айтқан.

4222EF7000000578-4697582-image-a-9_1500056104804

Сериф Нокеч әйеліне қант диабетімен ауыратынын сылтауратқан. Мұнымен қатар, жүрегінде ақауы барын сөз еткен. Осылайша, ол өз денсаулығын сақтап қалу мақсатында әйелімен ажырасып кеткен-ді.

4222F02700000578-4697582-image-a-14_1500056585872

Атифа Ляджич күйеуінің қалауына қарсы келмей, ажырасуға бірден келісімін берген. “Сериф бізден бас тартса да, мен қызымды асыраймын. Оның ел қатарлы өмір сүруіне жағдай жасаймын. Тек қызым үшін ғана өмір сүретін боламын. Мұның оңайға соқпайтынын білемін. Десе де, қайырымды жандардан үмітім бар”, – дейді келіншек.


Жіберіп алмаңыз:

Шопингті жақсы көретін әйелдер күйеулерін “сақтау камерасына” өткізе алады

Егіздер аналары қайтыс болғанына 4 ай толған соң дүниеге келді

Қытайлық ұшқышсыз қозғалып бара жатқан ұшақты тоқтатты

АҚШ-та екі жерінен оқ тиген сәби аман қалды

Талқылау