Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сене алар емеспін: Ресейлік әйел Оралдағы көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады

Алты бала тәрбиелеп отырған Орал тұрғыны Катя Скворцовая үш бөлмелі пәтер кілтіне ие болды. Көпбалалы анаға Ресейдегі ірі компания басшысы сый жасаған.

Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Осыдан бірер апта бұрын БАҚ-та көпбалалы отбасының кешіп жүрген күйі туралы мақала жарияланған болатын. Онда отбасының небәрі 9 шаршы метрлік үйде тұрып жатқаны айтылған.

Бұдан кейін Орал тұрғындары көпбалалы отбасыға азық-түлік, ойыншықтар әкеліп, ақшалай көмек көрсете бастады. Алайда қайырымды жандар көмегі мұнымен аяқталған жоқ. Бірер күн бұрын Ресейден бір әйел хабарласып, алты балалы отбасыға пәтер сыйлағысы келетінін айтқан. Сөйтіп, «Жұлдыз» менеджері Данар Ыдырысоваға өтініш жасап, 6 миллион теңгеге шақ келетін үй іздеуді тапсырған.

Қайырымдылық жасаған әйел екі талап қойған: Ол үйді алты баланың атына жазуды және өз есімін атамауды өтінген.

Сонымен үй Подстепное ауылынан табылды. Күні кеше, 19 ақпан күні «Жұлдыз» қоры мен ауыл тұрғыны Мария Андреева арасында сатып алу келісім-шартына қол қойылды.

Құжат рәсімделе салысымен-ақ, 3 бөлмелі пәтердің бұрынғы иесі Катяға кілтті табыс етті. Көпбалалы ана көз жасына ерік берді.

«Балаларымның өз үйі болатынына әлі де сене алар емеспін. Бізге көмектескен әйелмен ғаламтор арқылы сөйлестім. Оның да төрт баласы бар екен, бізге де сол себепті көмектесіпті. Балаларым шалғайдағы үйден мектепке қалай жетеді деп алаңдаушы едім. Енді біздің үйіміз мектептің жанында. Өзім әлі сенбей отырмын», – дейді әйел.

Үйдің бұрынғы иесі Мария Андреевна көпбалалы отбасыға кір жуу машинасын, ас үй жиһазы мен жұмсақ диван тастап кеткен.

«Өзім балалар үйінде өстім. Біреудің қолдауынсыз дүние табудың қаншалықты қиын екенін білемін. Қайырымды жандар бұл отбасыға үй сыйлады, оның қасында мына жиһаз кішігірім сыйлық», – дейді Андреева.

Жіберіп алмаңыз:

Сол қолымды сезбеймін: Атыраулық Әнел отадан кейінгі жағдайы туралы айтты (фото)

Қазақ тілі оқулығына МС Сайлаубек туралы мәтін мен сұрақ енгізілді (видео)

Қазақстан азаматшасының Шри-Ланкада не себепті көз жұмғаны анықталмай жатыр

Жас жұбайларша тортты бір-біріне жегізіп, артынша сүйіскен қазақ ата мен әжей елді таңғалдырды (видео)

Талқылау