Қазақ тілі оқулығына МС Сайлаубек туралы мәтін мен сұрақ енгізілді (видео)

Назарбаев зияткерлік мектебіне түсушілерге арналған тест тапсырмалары  жинағына рэп айтатын МС Сайлаубек туралы сұрақ енгізілген. Бұл туралы Facebook қолданушысы видеоға түсіріп, жариялады.

Ішімдік ішіп жүріп әнші болған Сайлаубек туралы мәтін “Қазақ тілі” кітабының 75-бетінде орналасқан.

Оқулықты  Серікболсын Дүйсембай мен Қазбек Сағидолда жазған. Кітап 2018 жылы жарық көрген.

Онда Сайлаубек туралы шағын мәтін жазылған. Рэпердің “Айтуға оңай”, Ресейдің “Пусть говорят” және “Тергеу” бағдарламаларына қатысқаны, Бішкекте концерт бергені жазылған.

Тіпті Атырауда туғаны, жасы қырықта екенін және мектепте үздік оқығанына дейін баяндаған. Осы мәтін негізінде “МС Сайлаубектің жұлдыз болуына не әсер етті?” деген сұрақ берілген.

Видеосын жариялаған Киікбай Жақыпұлы былай деп пікір білдіріпті:

“МАСҚАРА !
Назарбаев мектебіне түсу үшін арналған сұрақтардың ішінде Сайлаубекті ( ия кәдімгі түсініксіз рэппер ) білу керек!
Айтарым жоқ… не болып кетті!”.

Тағы оқыңыз:

Петропавлда адам денесінің бөліктері табылды

Қазақстан оқушылары есірткіге қарсы тексеруден өтпейтін болды

Дәрігерлер: Ыстықты түсіруге арналған ұнтақтар денсаулыққа зиян болуы мүмкін

Семейде көлік ұрламақ болған ер адам бір минутқа жетпей ұсталды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар