Қазақстан оқушылары есірткіге қарсы тексеруден өтпейтін болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың нысаналы топтарының профилактикалық медициналық тексерулерін жүргізу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР ІІМ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Бұйрық бойынша мектеп оқушылары және 17 жастан асқан балаларға асқазан қатерлі ісігін анықтау, скринингтік зерттеулер, есіркіге қарсы тексеру сияқты түрлі сынақтар жүргізілмейтін болды.

40 жастан 70 жасқа дейінгі азаматтар ағзадағы қант мөлшері мен жүрек соғысының жылдамдығын екі жылда бір рет тексеріп тұрады. Ал 30 жастан асқан әйелдер төрт жылда бір рет жатыр ісігіне қарсы толық тексеруден өтеді.

Сондай-ақ, 40 жастан асқан әйелдерге сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы екі жылда бір рет тиісті сынақ жүргізіледі. Бұрын 50 жастан асқан әйелдер ғана тексерілу міндетті болса, қазір оған өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, 50-70 жастағы еркектер мен әйелдер тіркеуде тұрмаса да, тоқ ішектің қатерлі ісігіне қарсы алдын ала тексеруден өтуі керек.

Ғалымдар «тексеру әдісі нақты әрі арзан, қолайлы және қауіпсіз болуы керек» деп отыр. Сонымен қатар, тексеру жұмыстары зертхананың да, тексерілушінің уақытын үнемдейтін болу керек дейді.

Скринингтік тексеру қатерлі ісіктерді және инфекциялық емес ауруларды ерте анықтауға, сондай-ақ халыққа сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер: Ыстықты түсіруге арналған ұнтақтар денсаулыққа зиян болуы мүмкін

Семейде көлік ұрламақ болған ер адам бір минутқа жетпей ұсталды

33 адам қамалды: Бас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айтты

Ақтөбелік мұғалімдер оқушылармен бірге аулада от жағып орыстың Масленица мерекесін тойлаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
15.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар