Ақтөбелік мұғалімдер оқушылармен бірге аулада от жағып орыстың Масленица мерекесін тойлаған

Ақтөбеде масленица мейрамын тойлатқан мұғалімдердің басы дауға қалды, деп хабарлайды КТК.

Көрнекі сурет

Орамал таққан оқушы қыздарды мектепке кіргізбей, соттасып жүрген жергілікті биліктің бұған қалай рұқсат еткені белгісіз.

Оның үстіне, түп тамыры христиан дінімен ұштасатын славян халқының бұл мерекесін атап өту еліміздегі оқу бағдарламасында қарастырымаған. Десе де, Ақтөбедегі біраз мектептің басшылары мұны құлаққа да ілмепті. Керісінше барлық ата-ана мен оқушыларды жинап алып, аулада адам тұлыбын жаққан.

Мұның өрт қауіпсіздігіне қарсы екенін елемеген де. Ең қызығы балабақшалар да мұндай шараны ұйымдастырудан шет қалмапты. Дінге қатысты бар дәстүрлерді кез келген білім ошағында дәріптеуге тыйым салынған. Ал жаппай түсініктеме жазып жатырқан мұғалімдер, мерекенің астарына мән бермедік деп ақталды.

“Келесі жылы істемейміз ғой енді. Орыс мектеп болғасын ұйымдастырған. Олар ешқандай діни мақсатты көздемеген”, – дейді  №26 мектеп директорының орынбасары Ләззат Алдабергенова.

Тағы да оқыңыз:

Қазақ журналисі 60-қа келген әкесінің жалаң қолмен қасқырды тірідей ұстап әкелгенін айтты

Қоғам қайраткері: Қазақтың бірталай жері Қытайға өтіп кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар