33 адам қамалды: Бас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айтты

Бас прокуратура оңтүстікте өткен ауқымды операцияға қатысты түсініктеме берді, деп хабалайды КТК.

Алматы соты қырғыз депутатын қамауға алды. Асылбек уулу Дамирбек  екі ай терегу абақтысында отырады. Депутатқа қатысты алғашқы сот процесі жабық өткен. Өйткені Қылмыстық істе аса құпия  материалдар  бар екен. Құзырлы органдар қырғыз депутатынан бөлек  тағы 32 күдіктіні құрықтаған.

Еліміздің  Бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бірлесіп арнайы операция жүргізген. Асылбек уулу Дамирбек осы шара барысында қолға түскен. Бас прокуратура  37 жастағы депутаттың нақты қандай қылмысқа қатысы барын жариялаған жоқ.

Белгілісі – қазір ол терегу абақтысында. Бұдан бөлек еліміздің құзырлы орган қызметкерлері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан областары мен Алматы қаласында   Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанмен шекарасындағы кеден бекеттерін май шелпекке айналдырып алған 8 қылмыстық топты анықтаған. Ұсталғандардың көбі шекарада контрабандамен айналысқан.

“Қазақстанға контрабандалық тауар Қытайдан тікелей, сондай-ақ, Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілендірудің көлеңкелі сызбасын, жалған құжаттарды және төмендетілген мөлшер қолдана отырып әкелінген. Күдіктілерге кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін Кедендік органдар мен Шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен РФ  жолданып отырған”, – дейді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Яғни, заңсыз тауар тасымалына жол ашып  беріп отырған  шекара басшыларының өздері екен. Олар тұрақты түрде қомақты  ауызбастырық алып келген.  Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің арасында  кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды қызметкерлері, брокерлер, делдалдар, қылмыс әлемінің серкелері  де бар.

Бәрі тергеу абақтысына жабылған. Жалпы 33 күдікті ұсталыпты.  Олардың қатарындағы  үш Қырғызстан азаматының    бірі – Жогорку Кенеш депутаты Асылбек уулу Дамирбек екенін жаңа айттық. Күдіктілерден қыруар АҚШ доллары, теңге, қымбат зергерлік бұйымдар мен кедендік декларация табылған. Және шекарада жүк тиелген екі автокөлік те тоқтатылды.

“Жүргізілген іс-шаралар барысында барлығы 8 қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталған деректер бойынша эконосмикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, трансұлттық ұйымдасқан топ құру және  оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды”, – дейді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан азаматшасының Шри-Ланкада не себепті көз жұмғаны анықталмай жатыр

Петропавлда полицейлер мен өрт сөндірушілер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды

Ақтөбелік мұғалімдер оқушылармен бірге аулада от жағып орыстың Масленица мерекесін тойлаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар