Қазақстан азаматшасының Шри-Ланкада не себепті көз жұмғаны анықталмай жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Шри-Ланкада көз жұмған қазақстандық азаматшаға қатысты айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Сурет әлеуметтік желіден алынды

«Үндістандағы біздің дипломаттармен байланысқа шықтық. 15 ақпанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігіне 1993 жылғы қыздың белгісіз себептерден көз жұмғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Біздің дипломаттар оның Қостанай қаласындағы ата-анасымен байланысқа шықты. Қажетті көмекті көрсетуі үшін Елшілік Шри-Ланкадағы Қазақстанның Құрметті елшісін оқиғамен хабардар етті», – деді Әнуар Жайнақов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселесі шешілуде.

«Қыздың ата-анасының өтініші бойынша мәйіт Қазақстанға жеткізіледі. Ал тасымалдау шығындарын марқұммен бірге сапарлаған танысы өзіне алатындығын айтты. Аталған азаматша сапар алдында сақтандырылған. Алайда сақтандыру компаниясы шығындарды төлей алмайды, себебі сол уақытта дәрігерлер қыздың не себепті көз жұмғанын анықтаған жоқ. Анасының талап етуі бойынша, мәйітті зерттеу шаралары Коломбо қаласында іске асырылды. Бұл рәсімді жүргізудің қиыншылықтарын ескере отырып, зерттеу нәтижесі тек 2-3 айдан кейін ғана дайын болады», – деді Әнуар Жайнақов.

Алау басылымының мәліметінше, бойжеткен 14 ақпан күні мерт болған.

БАҚ мәліметінше, Қостанай облысының тумасы Ирина Фирсунина мен оның сүйіктісі ресейлік Денис Сидоровтың Шри-Ланкаға сапарлаған. сол елде Ирина есінен танып, кейіннен қаза болған.

Ирина Фирсунина Челябинск қаласына барып, сол жақта жұмыс істей бастаған. Дениса Сидоровпен де сол қалада танысқан.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалады

Қоғам қайраткері: Қазақтың бірталай жері Қытайға өтіп кетті

Жас жұбайларша тортты бір-біріне жегізіп, артынша сүйіскен қазақ ата мен әжей елді таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар