Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сендерге не жағады өзі?": Дариға Бадықова су тасқыны кезінде көмек бермеді дегендерге ашуланды

Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова су тасқыны кезінде көмек бермеді деп айыптағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесінің айтуынша, қиын кезде халыққа көмек қолын ақшалай созса да, айтпауды жөн көрген. Алайда оқырман қауым сұрақтың астына алып, неше түрлі негатив пікір жазған. 

“Қайтейін айтпасқа болмады-ау. Сен көмек бердің бе деген сөздерге жауап!!!
Жалпы көмек бергенді, қайырылымдылық жасағанды айтпайтын еді. Сіздер қоймай айтқызып жатырсыздар! Бердім!  Апат болсын, басқа жағдай болсын, пейілдің тарылғанынан, қара ниет болудан!  Аңдып, мынау аз-ақ беріпті, мынау бермепті деп отырғандар, өздеріңіз бердіңіздер ме? Бізде жоқ қой деп тағы жоқтап шығасыздар! Садақаның құны жоқ қой, қанша берсең де қолыңнан келгенді бересің. Сол айтып отырғандар өз туғандарына көмек беріп отыр ма екен?! Бір үйде бір бауырын көк есек қылып, мініп алып өмір сүріп жатқанын міндет қылып отыр ма екен?! Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңізге қарасаңыз өзіңізден-өзіңіз шошып кетесіз!”, – деп ашуланды актриса. 



Сондай-ақ өнер иесі қиын кезеңде өнер адамдарына қол жайып, көмектесуге мәжбүрлейтін тарапты да кінәлады. 

“Қарапайым халық деп бөліне қаламыз. Біздің айырмашылығымыз мамандығымызда. Сіз де өз мамандығыңыздан нәпақа тауып, күнде жұмысқа барып жүрсіз! Біздікі де сол. Қарызға үлкен сома алып оны екі есе қылып қайтарып, кино түсіріп, мемлекетке қомақты салығымызды төлейміз.
Салық – халықтың ақшасы. Сол ақшаны бердік, анығында қайтардық. Өнер – құдайдан келген сый. Өнер адамдарының жиналып салған ақшаларын желіге жерден жеті қоян тапқандай жарысып салып әлексіздер. Жинамаса жинамады деп қарғайсыздар, жинаса жинағандарын күлкі етіп тағы сөгесіздер! Ұят болады. Одан да ниетімізді түзейік! Бәрін үкіметтен көріп отыра бермейік! Елдің көтерілуіне ат салысайық! Пейіл мен мәдениетіміз дұрысталса, әлі көрер қызығымыз алда. Көтеретін де – халық! Қарғайтын да – халық! Жер қылатын да – халық!”, – деп жазды актриса. 

Еске салайық, Дариға Бадықова киносын сынаған танымал кәсіпкерге жауап бергенін жазған едік. 

Бұған дейін тойға күзетшімен барған өнер иесі сынға қалғанын айтып, себебін түсіндірген еді. 

Талқылау