Сенаторларды үкіметтің сыртқы қарызының көлемі шошытты

Бейсенбі, 26 Мамыр , 2016 22:37

Бюджеттің тапшылығын сырттан қарыз алып жабуға Сенат та келісті. Бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған заңды бүгін жоғары палата бекітіп берді, – деп хабарлайды ктк арнасы.

jpg1111111111111111111111111111111444444444444444444444444444444444444444444444

Дүниежүзілік банктен алатын 1 миллиард долларды Үкімет 20 жылда қайтарып беруі тиіс. Қарызға келген бұл ақшамен бюджеттің «жыртығын жамамақ». Негізі әлеуметтік жобаларға жұмсаймыз, -дейді Қаржы министрі. Үкімет бұдан бөлек былтыр да мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін Азия банкінен 1 млрд доллар несие алған болатын. Оны 5 жылда өтеуі керек. Ал сенаторлар үсті-үстінен қарызданып жатқан Үкіметке сенаторлар қарсылық білдіргенімен, заңды ақыры бекітіп берді. Бірақ, депутаттар еліміздің сырттан несие алуға берілген лимит бітіп қала ма деп алаңдап отыр.

«Квазимемлекеттік сектор дегеніміз –Үкіметке тиесілі ұлттық компаниялар. Батыста олардың да қарызы мемлекеттік болып есептеледі. Біздің квазимемлекеттік берешегіміз 40 млрд доллар екен, ал мемлекеттің қарызы 26,6 млрд. Сонда жалпы қарыз 67 млдр жуық. Лимит болса – 61 млрд. Үкімет осы ауытқуды қалай реттемек?» – дейді Сенат депутаты Ләззат Қиынов.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар