Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік екі оқушы қыз атақты кутюрьенің супермодельер титулын иеленді

20-25 наурыз аралығында Мәскеуде сән апталығы өтті, оны Пьер Карденнің Ресейде тұңғыш құрылған коллекциясы ашты. Семейлік қыздар Диана Бақтиярқызы (16 жаста) мен Динара Баймұратова (15 жаста) Қазақстанның атынан шықты.

2ec53e9f3d606714851c5423ff5d36b7

Бұл туралы tengrinews хабарлайды.

Модельердің коллекциясының көрсетіліміне қатысу үшін олар өзге елдерден 200 ару қатысқан іріктеуден өткен. Нәтижесінде олар көрсетілімге жолдама алған 20 қыздың қатарына кіреді. Көрсетілім Ресейдің Қызыл алаңындағы бас подиумы саналатын “Гостиный двор” сән үйінде өтті. Іс-шараны Fashion House International корпорациясы ұйымдастырды.

566244a09d5800402e65f4e2ac7b3eae
Аңызға айналған француз кутурьесінің көрсетіліменен кейін үш модель Пьер Карденнің супермодельдері титулына ие болды. Олардың ішінде – екеуі семейлік қыздар. Қыздарға дипломды модельердің ізбасары мен оның немере інісі Родриго Базиликати тапсырды. 

Талқылау