Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жүргізушілер қызды қағып, қашып кеткен мотоциклшіні өздері жазалады (видео)

Семейде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды мотоциклшінің қалай қағып кеткенін өз көздерімен көрген жүргізушілер оқиға орнынан қашып кетпекші болған жас жігітті ұстап, соққыға жықты. Бұл туралы YK-avto.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

 Семейде жүргізушілер қызды қағып, қашып кеткен мотоциклшіні өздері жазалады (видео)

Жол-көлік оқиғасы Семей көшелерінің бірінде орын алды.

Ғаламторда пайда болған видеода мотоциклде отырған екі жас жігіттің бағдаршамның қызыл белгісін ескермей, жоғары жылдамдықпен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды қағып кеткені анық көрінеді.

Мотоцикл жүргізушісі тоқтап, зардап шегушіге көмектесудің орнына бұрылып, досымен бірге оқиға орнынан қашып кетпекші болады.

Ал бұны көрген басқа көліктердің жүргізушілері еш кідірместен құқық бұзушының артынан қуа жөнеледі. Ақыр соңында олардың біреуі мотоциклдегілерді жолдың бойына қысып, қолға түсірді.
Қашқындарды қуып, дер кезінде келген басқа жүргізушілер сол жерде мотоцикл жүгірушісіне бірнеше соққы жібереді. Құқық бұзушыны соққыға жыққан жүргізушер оны жерге құлатып, полицияның келуін күткен. Сондай-ақ, досын тастамаған мотоциклдегі жолаушы да жүргізушілердің ашуынан қашып құтыла алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау