Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде байқаусызда кілттеніп қалған пәтердегі нәресте құтқарылды

Семейде ата-анасы жоқта қамалып қалған баланы құтқарушылар босатып алды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Оқиға 10 қаңтарда Спартак көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған. Анасы үлкен ұлына көмектесіп, шығарып салуға кеткен. Пәтерде бір жарым жастағы бала қалып қояды. Анасы ашып кеткен сыртқы есік байқаусызда жабылып қалып, ата-анасы құтқару қызметін шақырған.

Құтқарушылардың айтуынша, тұрғындар арасында мұндай қиындықтар жиі кездеседі.

“Ата-аналарға мұқият болу қажет. Балаларға кілттерді қалай қолдану керегін үйрету керек. Пәтерден шығар алдында, тіпті бір секунтқа болса да, барлығының алдын-алған жөн”, -дейді аға құтқарушы Әсемхан Сейтенов.

Пәтерді ашу үшін құтқарушылар пәтердің балконынан кірген. Кей кездері терезе, арқылы, тіпті, есікті сындыратын жағдайлар кездеседі екен.

Тағы оқыңыз:

Теміртаулықтар Әлия Назарбаеваға петиция жолдамақ

Ақтөбеде өзіне қол салған офицердің әйелі: Оны біреулер қуып атты немесе өзін атуға мәжбүрледі

Павлодарда боран күні туған сәби шетінеп кетті

Талқылау