Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде балабақшаға барып жүрген 3 бүлдіршін менингитке шалдықты

Семейде жеке меншік балабақшаның 3 тәрбиеленушісі менингитпен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал балабақша өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Семейде балабақшаға барып жүрген 3 бүлдіршін менингитке шалдықты

Дәрігерлер балалардың энтеровирусты инфекция салдарынае серозды менингитке шалдыққанын айтты. Менингококк инфекциясымен салыстырғанда, аурудың бұл түрі оншалықты қауіпті емес. 4 жасар бүлдіршіндердің инфекцияны қалай жұқтырғанын мамандар анықтап жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған 3 баланың тек екеуі менингитке шалдыққаны анықталды.

«Нақты диагнозы энтеровирусты инфекция серозды менингит деп қойылды.  Орташа дәрежелі. Бір баланы сауыққандықтан шығардық. Ал бір баланың жағдайы орташа. Бүгінде денсаулығына қауіпті ештеңе жоқ», – дейді Семей қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Эльвира Исабаева.

Ал балалар тәрбиеленген «Жұлдыз Ардақ» балабақшасы карантинге жабылмайтын болды. Ол жерге тек жаңадан бала қабылдауға уақытша шектеу қойылыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау