Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны 9 ай бұрын жерленген қызының денесін қазып, қайта тексертпек

Қарағандыда қызының өлімінің себебін нақты анықтау үшін ата-анасы эксгумация жасатпақ. 9 ай бұрын жерленген қызының денесін қазып, қайта сараптама жасатады.

Диана Қаһарманова 3 жасар қызы Айзереден жаңа жыл күні көз жазды. Бүлдіршін жұқпалы аурулар ауруханасында мерт болды. Анасы сараптама нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды 31 арна. 

Онда қызының өз үйінде ауру жұқтырғаны, шұжық жегізген анасының өзі кінәлі екені жазылған.

“Осы тоғыз айдың ішінде көптеген жұмыстарды жасадық. Оның бәрі бекер кетіп отыр. Мен баламды кінәлі қылдырып қалдырмаймын. Мен бәріне барам. Эксгумация болсын, не болсын”, – дейді анасы.

Сараптамада бұлдіршіннің микс, рото және энтара вирустарын өз үйінде жұқтырғаны айтылған. Ал, анасы қызын сертификаты жоқ дәрігердің қарағанын айтады. Оны денсаулық сақтау басқармасы да растаған.

“Анықталған заң бұзушылықтар бойынша оларда ҚР ҚК екі бабы бойынша, яғни 317 бабының 3 тармағы бұл – медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы және 322 бабының 3 бөлігіне қатысты заңсыз медициналық қызмет көрсету көрініс береді”, – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Салтанат Жақсыбаева.

Жауапты орган қызметкерлері тексерудің аяқталмағанын айтты. Анасы кінәлілерді тауып, жазалау үшін бәріне дайын екен, тіпті қызының мәйітін жерден қайта қазып сараптама жасатуға бекінген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау