Ғалымдар ауырсынуды басатын дәрілердің қаупі туралы айтты

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 14:18

Ауруды басатын кәдімгі дәрі-дәрмектерді қабылдау жүрек жеткіліксіздігі қатерін арттырады деген тұжырымға келді The British Medical Journal басылымында жарық көрген зерттеу жұмысының авторлары.

Picture taken on January 15, 2012 in Lille, northern France, of drug capsules. AFP PHOTO PHILIPPE HUGUEN (Photo credit should read PHILIPPE HUGUEN/AFP/Getty Images)

Әрбір үйдегі дәрі қобдишасынан табылатын ауруды басатын кәдімгі дәрі-дәрмектер, яғни қабынуға қарсы стероидті емес дәрі-дермектер (NSAID)- қауіп тудырады.

Бұл қатарға көптеген танымал ауруды басатын дәрі-дәрмектер кіреді. Мысалы, ибупрофен, напроксен және диклофенак. Бұл дәрі-дәрмектер түрлі сауда атауымен сатылады, «Нурофен», «Адвил», «Вольтарен» және тағы да басқалары.

Миландық Бикокка университетінде жүргізілген зерттеу жұмсында аталған дәрі-дәрмектерді қабылдаған 10 миллион адамның мәліметтері талданған. Зерттеу жұмысына қатысушылардың орта жасы 77 жасты құрайды. Олардың қатарында Ұлыбритания, Нидерландтар, Италия мен Германия тұрғындары болған. Олыр жүргізген тәжірибе барысында қатысушыларды ауруды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдамаған адамдармен салыстырған.

Бұл топтағы дәрі-дәрмектерді қабылдау жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен ауруханаға түсу қаупін 19%-ға ұлғайтады.

Британиялық жүрек ауруларымен күрес қорының сарапшылары науқастарға NSAID тобындағы ауруды басатын дәрі-дәрмектер қабылдауды азайтып, ұзақ уақытқа бас тартуға кеңес береді. Жүрек дертіне шалдыққан адамдарға аталған дәрі-дәрмектерді асқан сақтықпен қабылдаған жөн.

Қор сарапшылары сарапшылардың тұжырымы ауруды басатын дәрі-дәрмектерді ара-тұра емес, күнделікті қабылдауды әдетке айналдырған адамдарға қатысты екенін дәлдей түсті.

Лондондық гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Стивен Эванс зерттеу қорытындысы, көбіне денсаулығында кінарат бар егде жастағы адамдарға қатысты екенін алға тартады. Оның пікірінше, ауруды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдау салдары жасы 65-ке жетпеген дені сау адамдарда байқала бермейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар