Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапасыз әндерден жалықтым: Қазақ эстрадасын жаңа деңгейге көтеретін 5 әнші

Қазақ эстрадасында сапасыз әндердің саны артып келетіні белгілі, бірақ өз өнерімен қазақстандықтарды тамсандырған дарынды әншілердің де  саны аз емес. Олардың әндерін елімізден бөлек, ТМД-ға мүше мемлекеттер де жақсы көреді. Осыдан жас буын сүйіп тыңдайтын әншілер болашақта қазақ эстрадасын жаңа дейгейге көтереді деп болжауға болады.  Егер қазіргі уақытта қай музыканттардың танымалдылығы шет мемлекеттерде артып келе жатқанын білгіңіз келсе, Stan.kz ақпараттық агенттігі ұсынған мақаламен танысып шығыңыз.

Қазақстанның рэперлері ТМД мемлекеттерінде ыстық ықыласқа бөленген десек, артық айтқанымыз емес. Егер сіз рэпті жақсы көрсеңіз, Tolebi есімді әншінінің әндерін тыңдауға кеңес береміз. Сапалы отандық туындылардың тыңдармандары рэпперді “Қазақстандық Кендрик Ламар” деп те атайды. Музыкант өзінің алғашқы туындысын 2015 жылы әлеуметтік желіде жарияланған. Қазіргі уақытта оның қазақстандықтардың көңілінен шыққан 12 әні бар.

Abdr деген лақап атпен өнер көрсетіп жүрген Әбдірахман Бекенов есімді жас әншінің танымалдылығы күн санап артып келеді. Әбдірахманның музыкасы — әдемі дауыспен үйлескен, классикалық нео-поптың қатарына кіреді. Құлаққа жағымды әннің сөздері бір тыңдағаннан-ақ жатталып қалады. Жақында әнші көрерменнің назарына “Особенная” әніне түсірілген бейнебаянды ұсынды. Бейнебаянды Jah Khalib, Иван Дорн сынды жұлдыздармен жұмыс істеген Айсұлтан Сейітов есімді режиссер түсіріп берді. Ал басты рөлдердің бірін инстаграм-модель Айя Шалқар сомдады.

“Мыңдаған қазақстандықтардың жүрегін әсем әндерімен жаулап алған 19 жастағы M’Dee — қазақ эстрадасындағы болашағы зор әншілердің бірі. Оның әр ән жинағын тыңдармандары асыға күтеді. Концерттерінде барлық әндерін әншімен бірге қосылып айтады.  Өзіне Mdee деген лақап атты таңдаған Мади Тоқтаров, 9-сыныптан бастап ән жазумен айналысады. Оның туындыларының барлығы бір сарынды деп айту қиын. Себебі, Мади Тоқтаровтың әр әнінің өз стилі бар. Басылымдарға берген бірнеше сұхбаттарында әнші музыканың Jazz-Funk атты бағытын жақсы көретінін және барлық әндерін өз үйінде жазатынын айтқан. Mади Тоқтаровтың тыңдармандарының қатарында Ержан Рашев, Нагимуша, Біржан Әшім сынды блогерлер бар.

Қазақстанда  Indi-Rock бағытында ән жазатын музыканттардың қатары 2015 жылдың қараша айында City & Shivers деп аталатын триомен толықты. Топтың мүшесі және солист Архат Амангельдин Лондонда музыканттың оқуын оқыған. Оның Дэмион Рикод, Сэм Джонс, Евгений Пасечниковый деген шетелдік достары топқа  алғашқы Light Up деп аталатын жинақты шығаруға көмектескен. Топ тек Қазақстанда емес, Ұлыбританияда да өнер көрсетеді. Архат Амангельдиннің сөзінше, қазіргі уақытта дайын битті 14 долларға сатып алып, ән жаза салатын адамдар көбейіп кетті. Топ мүшесі осындай әншілердің ісін мүлдем құптамайды. Жақында олар көпшіліктің назарына More әніне түсірілген бейнебаянды ұсынды. Бейнебаянда актриса, тележүргізуші Айсұлу Азимбаева басты рөлдердің бірін сомдады.

Qonyratbay Fam – инди жанрында ән салатын, ағасы мен қарындасынан тұратын дуэт. Олар 2013 жылдан бастап ән жаза бастаған.  Қазақстандықтардың оларға деген қызығушылығы топ Ғалымжан Молданазардың әніне кавер жасағаннан кейін пайда болды. Әнші олармен байланысқа шығып, тіпті жеке әндерді жаQonyratbay Famзуға ұсыныс білдірген. Осылай дуэттің Baribir, Kim Sen атты танымал туындылары жарық көрді. Жалпы, Сұлтан-Әли Қоңыратбай әндердің аранжировкасын жасаса, қарындасы Бибі-Хадиша оның сөзін жазумен айналысады. Жас әншілердің сөзінше, оларды Coldplay атты британдық топ және инди музыканың қазақ тілімен үйлесім таба білетінін көрсеткен Ғалымжан Молданазар шабыттандырады.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Автор: Шаймерден Айару

Талқылау