Салтанат пен байлық: Сиви Махмұдидің бары келушілерді несімен таң қалдыра алады (фото)

Бейсенбі, 24 Қараша , 2016 14:12

Сиви Махмұди туған күнінде өзіне-өзі сый жасады. Ол оңтүстік астанамыздың төрінен лаундж-бар ашты. Әнші қаражатты барынша үнемдеу мақсатында қажетті құрылыс материалдарын барахолка базарынан сатып алған екен. Бұл туралы ол толығырақ Stan.kz тілшісіне баяндап берді.

йффф

Бірнеше күн бұрын Сиви Махмұди өзінің туған күнін дүркіретіп тойлады. Бұл күні оған түрлі сыйлық сыйланып, жақын адамдары қасынан табылды. Бірақ, ең үлкен сыйлықты әнші өзіне өзі тарту еткен-ді. Ол Алматы қаласының төрінен бір уақытта 100 адам қабылдайтын лаундж-бар ашты. Бүгінде аталған дәмханаға қазақстандық эстрада жұлдыздары көп барады. Себебі, оларға арналған Vip бөлмелер мен жеке шығатын есік бар. Дәмхананың ашылу тарихы туралы Сиви толығырақ Stan.kz тілшісіне баяндап берді.

“Бұл ғимаратты маған 5 жыл бұрын әке-шешем тарту еткен болатын. Осы күнге дейін кешкі көйлектер сататын дүкен болды. Туған күніме бірнеше апта қалған кезде, осы жерден дәмхана ашу туралы ой келді. Өте ыңғайлы жерде орналасқандықтан, адамдар жарнамасыз-ақ келе береді. Бұл жер бірнеше елдің асханасын біріктіретіндігімен ерекшеленеді. Италия, Еуропа, Шығыс елдерінің асханалары бар. Қазақ халқымыз ет пен нанды тағамдарға құмар ғой. Сол себепті, Өзбекстаннан арнайы аспаз алдырдым. Қазір лаундж-барда екі аспаз жұмыс істеп жатыр. Мәзірімізде палау мен лағманның, қуырдақ пен мәнтінің түр-түрі бар. Өз басым лағманды қатты жақсы көремін. Әлгі өзбекстандық аспаз аталған тағамда керемет дайындайды”, – дейді Сиви.

3E0A1134

3E0A1164

3E0A1109

3E0A1133

Әншінің бұдан бөлек үш қабатты “Марсель” атты мейрамханасы бар. Аталған мейрамханадан келушілердің жалыға бастағанын жасырмайды. Сол себепті, бұл жолы дизайн жұмыстарына мүмкіндігінше аз ақша жұмсауға тырысыпты. Тіпті, қажетті құрылыс материалдарын барахолка базарынан өзі алып келген.

3E0A1233

3E0A1147

3E0A1118

15043656_1163093990442070_3358619341200293888_n

“Анам өмір бойы мұражайда жұмыс істеп келеді. Өзінің сәнгерлік қасиеті бар. Сол қасиет менің де бойымда бар. Яғни, адам текті, көреген жерден шықса, талғамы жоғары болады. Әрине, талғамым тым жоғары деп мақтанбаймын. Бар болғаны, мен жалдаған дизайнерлер ойымдағы дүниені шығара алмайтындай көрінді. Сол себепті, әрлеу жұмыстарын толықтай бастан-аяқ өз қолыма алдым.

3E0A1219

3E0A1215

3E0A1210

3E0A1160

Бұдан өзге үш қабатты “Марсель” атты кешенім бар. Төменгі қабаты – лаундж-бар, екінші қабаты – америкалық саябақ, үшінші қабаты – тойхана. Бір уақытта 300 адам қабылдай алады. Алышғанына үш жылдың жүзі болып қалды. Шыны керек, келушілер бұл кешеннен жалыға бастады. Ол – заңдылық қой. Сол себепті, бұл жолы мүмкіндігінше аз ақша жұмсауға тырыстым. Жаңа істі бастау үшін қаражат қажет екенін жақсы түсінемін. Толық жөндеу жұмыстарын жүргізген жоқпын. Тек өзгеріс енгіздім”, – дейді ол.

3E0A1176

3E0A1206

Сиви ханым лаундж-барды бұрын-соңды болмаған стильде өңдеген. Өзі де Қазақстанда дәл мұндай тематиканың жоқ екенін айтып отыр. Мұны жолдасы да байқап, стильге қатысты авторлық құқықты иеленуге кеңес берген екен.

3E0A1101

3E0A1122

3E0A1104

3E0A1203

“Болашақта кім болатыным белгісіз? Жан-жақты болғанның артығы жоқ қой. Бүгін бұл жер әдемі болып тұр. Ертең ол халықты жалықтырады. Сол себепті, көп қаржы жұмсамадым. Шыны керек, барахолкаға баратын сәттерім де болды. Құрылыс материалдарын өзім тасыдым. Инстаграмда жұрт “Сізді барахолкадан көрдік” деп шулап жатыр. (Күлді.) Бір істі біреуге тапсырып, қарап отыра алмайтын әдетім бар. Бұл ақшаны қызғанғандығым немесе оларға деген сенімсіздігім емес”, – дейді әнші.

рпр

15057268_1802657830021980_2210553791042813952_n

15056669_202459613541458_836654449530241024_n

14582264_210454686060693_5138160979267289088_n

Лаундж-бар екі қабаттан құралған. Бір уақытта 100 адам қабылдайды. Арзандатылған бағадағы бизнес-ланчтар бар. Мұнымен қатар, әрбір келушіге бардың атынан тегін похлава беріледі. Әнші “Өзіме артық дүние қалмаса, қалмасын. Бастысы халық тойып жесін” дейді. Сиви халықтың қамын ғана емес, мүмкіндігінше әншілердің де жағдайын жасауға тырысқан екен. Ғимараттың ішінде жұлдыздарға арналған Vip кабиналардан бөлек, душ та бар.

3E0A1126

3E0A1130

3E0A1184

3E0A1190

“Мейрамхана бизнесінде бірнеше жылдан бері жүрген соң, әншілер хабарласып, демалатын орындар туралы жиі сұрайды. Олар халық мазаламайтын, жайланып отырып тамақ ішетін жерлерді ұнатады. Осыған орай, оларға арнап душ та орнатып қойдым. Ал олар “Марсельге” барған кезде қатты қиналатын еді. Себебі, ол жерде халықтың алдынан өтулеріне тура келеді.

Бұл ғимаратты өзім үшін немесе байлығымды көрсету үшін ашпадым. Бар болғаны, халқыма титтей де болсын пайдам тисе екен деген ниетім бар. Дағдарыс заманында оларға жоғары сападағы тағамдарды арзан бағада ұсынғым келеді. Сіздерге әрдайым есігіміз ашық. Сүйікті қонағымыз болуға асығыңыздар! Мен үнемі осы жерде боламын”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар