Салмағы 200 келіден асатын қызылордалық әйел Ресейде ота жасатып келді

Салмағы 200 келіден асатын қызылордалық келіншектің басты арманы тұрмысқа шығып, ана атану. Семіздікке шалдыққан азаматша арықтау үшін Ресейде арнайы ота жасатып келген. Салмағының көптігінен Гүлнәзға отандық дәрігерлер көмектесе алмаған. Қызылорда тұрғыны Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат беріп, хикаясын баяндап берді.

Салмағы 200 келіден асатын қызылордалық әйел Ресейде ота жасатып келді

Дәрігерлердің айтуынша, Гүлнәз семіздіктің шарықтау шегіне жақын болған. Науқас азаматшаға диета көмектеспек түгілі, медициналық ем де әсер етпеген. Семіздіктің салдарынан Гүлнәз тұрмысқа шыға аламаған. Бірақ азаматша перзент сүйіп, жасы қырықтан ассада ана атануды армандайтынын жасырмады.

Гүлнәзға отандық дәрігерлер көмектесе алмайтынын ашық айтыпты.Азаматшаға Қазақстандық мамандар Ресейдегі әріптестерінің көмегіне жүгінуге кеңес берген. Шет елдік дәрігерлер науқасты тексере келе оған асқазанын кішірейту отасын жасауға шешім қабылдайды.

Семіздікке шалдыққан келіншек Ресейде ота жасауға бірден келісе қоймаған. Өйткені шет елде операция жасату құны өте қымбат дейді кейіпкеріміз. Сондай-ақ азаматшаға өзге елдегі дәрігерлер арықтауға кепілдік бере алмаған.

“Алғашқыда Ресейде дәрігерлер арықтау үшін дәрі береді деп ойладым. Бірақ олай емес екен. Шет елдік дәрігерлер күрделі ота жасаймыз дегенде шошып кеттім. Бірақ амал жоқ. Айтқандарына көндім”, – дейді семіздікке шалдыққан Гүлнәз.

Көп ұзамай Гүлнәзға Мәскеу қаласындағы дәрігерлер ота жасайды. Хирургиялық ем кезінде ақ халаттылар оның асқазанын кішірейтіп, қайта тігіп берген. Қазір Гүлнәз аз мөлшерде тамақтанады. Келіншектің ағазасы бір тамақтанғанда 200 гр артық ас қабылдамайды екен.

Салмағы 200 келіден асатын қызылордалық әйел Ресейде ота жасатып келді

“Отадан кейін дәрігерлер витаминді екі есе ішігу кеңес берді. Бұған қоса, диета ұстаймын. Артық тағам ішсем асқазаным бірден дабыл береді. Қазір арықтай бастадым. Жағдайым түзеліп келеді. Мен жақсылыққа сенемін. Алға қойған жоспарым көп. Отбасын құру. Бақытты болу. Бұйыртса бәрі жақсы болар”- дейді көзіне жас алған азаматша.

Күрделі отадан кейін семіздікке шалдыққан азаматшаға дәрігерлер бір жылдың ішінде арықтайсың деген. Артық салмақ тастап, өзгелер сынды өмір сүру Гүлнәздің ең негізгі арманы. Арманы орындалса, ол тұрмысқа шығып, ана атанамын дейді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

Қазақ түсірмегені көрініп тұр: Отандық танымалдар “Әміре” фильмін қатал сынға алды

Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар