Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

Сәуір айының басында үлкен экранға жол тартқан «Әміре» картинасының кассалық жиыны көңіл қуантарлық болмай тұр. Жайсыз жайтты естіген Мейрамбек Бесбаев, қазақтың дүлдүл әншісін суреттейтін фильмді насихаттауға көшкен. Өнерпаздар арасында аталмыш кинотуындының екінші жабық көрсетілімін өткізген «Музарт» тобының мүшесі, басты рөлге бекітілген Санжар Мәдидің актерлық шеберлігіне көңілі толмағанын жайып салды.

Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

Бұл бас қосуға Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісі де қатысып қайтқан болатын.

«Мен шынын айтайын, Әміренің рөлін жетер жеріне жеткізді деп айта алмаймын. Ренжімесін ол бауырым. Әміре атамызды бұдан да жетер жеріне жеткізіп ойнау керек пе еді деп ойлаймын. Бірақ Санжар Мәдиевтің келешектегі өнеріне, актерлық мансабына сәттілік тілеймін» , – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

Бір қызығы, Мейрамбектің бұл пікіріне ұстазы қарсылық білдірді. Көрсетілімге келген Алтынбек Қоразбаев, Қашаубаевтың кейпіне енген Мәдиевтің өнеріне оң бағасын берді.

«Өте ұнады маған. Өзінің келбеті де, сымбаты да, түр сипаты да киноға өте керемет түскен жігіт. Өзі де қазақтың нағыз сері жігіттерінің бірі екені көрініп тұр», – дейді Алтынбек Қоразбаев.

Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

Халық әртісінің сөзін Қайрат Нұртастың анасы да қоштады. Табысты продюсер, Әмірені сомдаған Санжарға картина соңына дейін сүйсіне қарағанын айтады.

«Жоқ, Әміренің рөлін қазақтың нағыз әдемі жігіті сомдаған. Маған өзіме ұнады. Мен өзім отырғанда киноның ішіне кіріп кете жаздап отырдым. Көз-жанары жанып тұр. Таңқалғаны, басқа елге барғандағы сасқалақтап тұрғаны да бәрі жарасымды болып тұрды», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

Бұл аға буынның пікірі делік… Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісі шоу-бизнестегі жастардың арасында арнайы сауалнама жүргізіп, Санжар Мәдиевтің актерлық шеберлігіне қатысты пікірін білген еді. Алайда барлығы бір ауыздан Мейрамбек Бесбаевтың сынына қарсылық танытты.

«Кемшіліксіз болмайды. Барлық жерде кемшілік болады ғой. Дегенмен Санжар Мәдиев өзінің рөлін режиссердың айтқанындай-ақ алып шыққан», – дейді әнші әрі актер Осһоооу.

Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

«Санжардың ойыны өте керемет! Мен кино басталғаннан бастап, үлкен толқыныста отырдым. Аяқ жағында керек десеңіз көзден жас шығып кетті. Тіпті керек десеңіз дауысым да шығып кетті. Сондықтан бұл Санжар бауырымыздың жеткізе білгендігі деп ойлаймын. Қатты ұнады!», – дейді Жігер Ауыпбаев.

«Санжар Мәдиевтің актерлық шеберлігіне күмәнім жоқ. Жақсы ойнап шыққан. Біреуге мүмкін ұнамай жатар. Мен ұнамай жатыр дегендерді де естідім. Бірақ ойнап шыққаны ұнады», – дейді Нұржан Керменбаев.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз:

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен (фото)

Қарындасының туған күніне ерекше сый жасаған Төреғали көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Құралай Нұрқаділова ұлын әскерде қызмет етуге жіберді (фото)

Жұлдыз күйеуі Қайрат Нұртасты қыздардан қызғанбайтынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар