Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

Мөлдір Әуелбекова таяуда «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының «Эстрада» бөлімінің басшылығына бекітілген болатын. Жаңа қызметке тағайындалған әнші, Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне берген сұхбатында, алғашқы жұмыс аптасындағы қызықтарымен бөлісті.

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

«Барлығын қатар алып жүру оңай емес. Барлығына үлгеремін деп, ауыз толтырып айтпай-ақ қояйын. Ол алдағанмен тең болады. Балам бар, өзімнің шығармашылығым бар. «Назар» тобының жұмысы бар. Оған қоса осындай бір мемлекеттік қызметке, жақсы орынға тағайындалдым. Қатар алып жүруге тырысамын.

Шаршамайсың ба деген сұрақтар болады. Несіне шаршаймын? Жас кезде, бойымызда күш-қуат бар кезде жасап қалу керек деп ойлаймын. Қартайған кезде демаламыз!», – дейді Мөлдір.

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

Әуелбекова басшылық ететін бөлімде танымалдар жетерлік. Мөлдірдің қол астында қызмет ететін әншілердің атынан ат үркиді.

«Мен қазір ғана орнықтым. Енді біліп жатырмын. Димаш Құдайберген бар штатта, Тамара Асар әпкеміз бар. Алмас Кішкенбаев, Әлішер Кәрімов бар, «Назар» тобы бар», – дейді Әуелбекова.

Айтпақшы, Әуелбекова да, «Назар» тобы да Астанаға қосын аударған. Өзі жетекшілік ететін қыздар ұжымын «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымына кіргізу Мөлдірдің идеясынан туындапты. Ол аталмыш мекеменің басшысы Жеңіс Сейдоллаұлына аттай қалап, шәкірттерін тәжірибелі әріптестерінің қатарынан қосқанын да мойындады.

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

«Қазақконцертке «Назар» тобының кіру менің әсерімнен емес деп, көпшілікті алдамаймын. Алғашқыда оларды Астанадан мен өзім Алматыға көшіріп алдым. Қыздарды қараусыз қалдыра алмаймын. Өзім қыздарды байқауларға дайындап жүрген болатынмын. Жеңіс Сейдоллаұлына ұсыныс жасадым, ол кісі қабыл алды», – дейді «Назар» тобының продюсері.

Шоу-бизнесте жүріп, мемлекеттік қызметке кіріскен Мөлдірдің жанына жаңа жұмысы майдай жағып жатса керек. Өзіне жүктелген міндеттермен толық танысқан соң, өзі басшылық ететін бөлімге қатаң талаптарын қоймақ ниетте.

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

«Бастық болған сезіледі. Жұмысқа барған кезде сезе бастадым. Мемлекеттік жұмыс болғаннан кейін, барлығы қағаз жүзінде. Қағаз толтыру бар. Әр түрлі хаттар жібереміз. Облыстық хаттар, тағысын тағы. Бұл өте мықты концерттік ұйымдардың бірі. Әрине, жұмыс сезіліп жатыр. Жиналыстарды енді-енді жасаймыз. Келе салып, барлығына талап қою, ол да дұрыс емес! Мен жаспын ғой. Қазір орнығып жатырмын. Барлығын біліп алайын, түсініп алайын. Сол кезде маған қандай жұмыстар жасау керектігін зерттеймін. Содан кейін барлығы түсінікті болады (күледі)», – дейді әнші.

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкінм

Айтпақшы, бастық болу Әуелбекованың бала күнгі арманы екен. Мемлекеттік қызметтегі жұмысы жемісін беріп, сахнамен қош айтысса, таң қалмаңыз! Өйткені, өнер иесі жылы орынға жайғасып, болашақта шенеунік болуды қалайды!

«Мен өзім негізі кішкентайымнан бастық боламын деп айтатынмын. Аузыма салған шығар. Бұйырғанын болашақта көре жатармыз. Мүмкін жақсы жетістікке жетіп жатсам, мүмкін тек басшылық жұмыстарын атқарармын. Бүгін ауыз толтырып айта алмаймын. Мен анда-мұнда барамын деп. Болашақта шенеунік болып кетуім де мүмкін (күледі)», – дейді Мөлдір.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз:

Көптен бері көрінбей кеткен Бейбіт Қорған жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Оққағарларың халықты итермесін: Тыңдарманы Қанат Үмбетовке өз орныңды біл деп ұрысып тастады

Ол шалмен өзім сөйлесемін: Шымкенттік әжей Төреғали ренжіткен павлодарлық қарияны сынап, жұртты күлдірді (видео)

Қазақ түсірмегені көрініп тұр: Отандық танымалдар “Әміре” фильмін қатал сынға алды

Талқылау